Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет82/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список литературы
1. Кушенов Б. М., Пивоваренко В. В. «Агрохимический мониторинг плодородия почв 
северного Казахстана», «Республиканский научно-методический центр агрохимиче-ской 
службы» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, УДК 633.21.
2. Лычaк A.И. «ГИC в тeppитopиaльнoм плaниpoвaнии». Чacть 1. Учeбнo- мeтoдичecкoe 
пocoбиe / A. И. Лычaк, Т. В. Бoбpa. – Cимфepoпoль: ТНУ, 2003. – C. 12–17.
аҚмолаоблысы буРабай ауДанының «аҚылбай» ашк 
ЖағДайынДа септоРио зауРуымен залалДануына 
байланысты ЖазДыҚ биДайДың ӨнімДілігі мен сапасы
Б. Шаймерден, магистрант
Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы КазАТУ
Аңдатпа: Ақмола облысы Бурабай ауданының «Ақылбай» АШК жағдайында 
жаздық бидайда таралған бірнеше ауру түрлері бар. Солардың ішінде септориоз ау-
руына тоқталсақ. Бул ауру екі түрмен белгілі: Septoria nodorum және Septoria tritici.
Ауру белгілері: жапырақтар Septoria tritici-мен зақымдалғанда дөңесше келген сарғыш 
– қоңыр жолақты дақтар немесе ортасы сұр – боз болып келген қара – қоңыр дақтар 
түрінде байқалады, олар баяу бірігіп некротикалық жолақтар құрайды, ал Septoria 
nodorum зақымдалғанда жапырақ некрозы (жасушалар тобының жансыздануы) мен 
хлоротикалық дақтар түрінде аурудың ерекше түрінде байқалады[1,2]. Зияндылығы: 
Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін (жапырақ, жапырақ қынабы, сабақ, масақ білігі, 
масақ қабыршағы және дән) зақымдайды. Нәтижесінде жапырақтардың өлуіне, сабақтың 
буынаралығының және масақ қабыршағының зақымдануына әкеліп соқтырады, өсімдіктің 
фотосинтетикалық белсенділігін төмендетеді, вегетациялық кезеңін қысқартады. Ауруға 
шалдыққан өсімдіктер дәндерінің өнімділігі төмендеуі негізінен масақ дәнділігінің және 
дән массасының төмендеуінен болады [3,4].
Кілттік сөздер: аурулар, септориз,Septoria nodorum, Septoria tritici.
2019 жылы дәнді дақылдардың өсу кезеңінде климаттық жағдай өте қолайлы болды. 
Егу қалыпты жылу режимі және жақсы ылғалдану жағдайында жүргізілді. Мамыр ай-
ында жылы және ылғалды ауа райы байқалды. Маусымның бірінші онкүндігінде жауын-
шашын 63.3 мм болды[5]. Ауа ылғалдылығы жоғары және шілденің орташа тәуліктік 
температурасы дәнді дақылдар үшін неғұрлым қолайлы болып шықты, жақсы түйсінуге 
және өнімді масақтың қалыптасуына ықпал етті. Үлгілердің негізгі массасының пісуі 
тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басына тура келді. Осы жылдың жағдайында 
өнімділік деңгейі жоғары болды [6,7].
Жаздық бидай - ұзақ күндегі өздігінен тозаңданатын өсімдік, өсу және даму процесінде 
ол күздік бидай сияқты органогенез фазалары мен кезеңдерінен өтеді. Өскеннен кейін (1 


191
және 2 кезеңдер) жаздық бидай күздік бидайға қарағанда арамшөптермен баяу дамиды. 
Тамыр жүйесі әлсіз дамумен (әсіресе қатты бидайда) және төмен сіңіру қабілеттілігімен 
сипатталады. Орташа өнімді масақ 1,22-2 аралығында ауытқиды. Астық салыстырмалы 
түрде ірі. Жұмсақ бидайдағы 1000 дәннің салмағы - 35-45г, қатты бидайдағы - 40-45г 
[8,9].
2019 жылы Ақмола облысы Бурабай ауданының «Ақылбай» АШК жағдайында 
aуылшaруaшылық ғылыми тәжірeбиeлік cтaнцияcында,жаздық бидайды аурулардан 
қoрғaу жәнe oлaрдың дaқылдың өнімділігінe әceріне бақылау жұмыстарын жүргіздік.
1- кесте – Жаздық бидайда аурулардың таралуы мен дамуы мониторингінің нәтижелері, 
2019 жыл
Ауру
Жапырақтардың, 
сабақтардыңзақымдану
индексі
( %)
Сынамалардағыөсімдіктерауруларыменза
қымданған саны
Орташа
көрсеткіш
1
2 3 4
5 6 7 8
9
10

ab
Септориоз
30
4
8
Р
Сп
Фитосанитарлық технологиялардың өсімдік қорғауда келесідей тәсілдері 
қолданылады:
- Зиянды ағзаларға төзімді сорттары;
- Агротехникалық шаралары;
- Биологиялық қорғау шаралары;
- Химиялық қорғау шаралары.
Бастапқы екеуі негізгі бастамасы және ұзақ мерзімді қорғау шарасы болып табыла-
ды. Бұл шаралар ЭЗШ-не негізінде жүргізіледі. Ал биологиялық және хмиялық өсімдік 
қорғау шаралары жедел (оперативтік) әдістерге жатады. Мұндай қорғау шаралары ЭЗШ 
негізінде жасалады.
2 - кеесте - Жаздық бидайдың даму кезеңдері барысында жүргізілген фитосанитарлық 
шаралар, 2019 жыл
Жаздық бидайдың даму фазалары
Зиянды организмдер
Қолданылған қорғау шаралары
1
2
3
Тұқым себу жұмыстары
Себер алдында тұқымды 
дәрілеу
Тұқымның өнуі, егін көгі
Сымқұрттар, тамыр шірігі, 
астықтың жолақ бүргесі, 
тозаңды қара күйе, тасты қара 
күйе.
Түптену
Жапырақ жегілер, арамшөптер.
-
Түтікке шығу
Бидай трипсі, сары тат,швед 
арпа шыбыны, жолақты дақ.
Каратэ зеон 050 
инсектицидімен бүрку 
жұмыстары жүргізілді.
Масақтану, гүлдену
Бидай трипсі, зиянды бақашық 
қандала, сүлікше қоңызы, 
астық бітесі, жолақты дақ, 
қоңыр тат, торлы дақ, ринхо-
спориоз.
-
АШК Ақылбайда («Есіл Агро»ЖШС) себер алдында жаздық бидай тұқымы Ламадор, 
к.с. шығын мөлшері – 0,2 л/га болатын улағышпен өңделген болатын. Жаздық бидайдың 
вегетациялық даму кезеңдері бойынша қорғау шаралары жүргізілді. Яғни, 12 – кесте-
де көрсетілгендей жаздық бидайдың түтікке шығу кезеңінде Каратэ зеон 050 шығын 
мөлшері - 0,15 л/га инсектицидімен бүрку жұмыстары жүргізілді. 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет