Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения


ҚызылоРДа облысы ЖағДайынДа кҮРіш Өнімінің Қалыптасуына



Pdf көрінісі
бет22/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
ҚызылоРДа облысы ЖағДайынДа кҮРіш Өнімінің Қалыптасуына 
топыРаҚ ЖағДайлаРы мен тыңайтҚыштаРДың əсеРі
Р.Ш. Кузданова, аға оқытушы
Н. Жайлаубайқызы, студенті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр Сұлтан қ.
Күрiш – aуыл шaруaшылығының eжeлдeн кeлe жaтқaн дақылы, дәндiлeр клacынa 
жaтaды. Жeр бeтiндe өндiрiлeтiн күрiш eгiлeтiн aудaны жәнe өнiмдiлiгi бoйыншa 
eкiншi oрындa. Күрiш жeр шaрындaғы aдaмдaрдың жaртыcының aзықтық қoрeгi бoлып 
тaбылaды.
Күріш өнімділігін арттырудың басты жолдарының бірі - күріштің ауыспалы егіс айна-
лымында қолайлы гидромелиоративтік жағдайын реттеп, топырақты өңдеудің оңтайлы 
мелиоративтік тәсілдерін және себу тәсілдерін анықтау [1].
Қазақстандағы күріш өсіру бойынша ең үлкен аймақтың бірі – Сыр өңірі. Сыр өңірі 
өте ерте дамыған суармалы егіншілік аймағына жатады. Б.з.б. 5000-4000 жылдарда егін 
шаруашылығы дамыған, оны ежелгі антик, грек, парсы ғалымдары өз зерттеулерінде 
дәлелдеген. Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамыту туралы оның тарихы 
жөнінде мағлұмат берген белгілі тарихшы, ғалым М.К. Кереев болды. Оның «Город на 
Сырдарье» атты кітапшасында күріш шаруашылығына қысқаша тоқталып өтеді [2].
Зерттеу жүргізілген Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 
Қызылорда қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан. 
Тәжірибе танабының топырағы шалғынды-батпақты топырақ типіне жатады. Бұл 
топырақтар төмен рельефті жерлерде, қамыс өсімдігінің басымдылығы жағдайында 
топырақ түзуші жынысы пайда болған. Механикалық құрамы жағынан жеңіл 
құмбалшықтан ауыр балшық аралығында аллювий (1-кесте).
1- кесте - Тәжірибе танабы шалғынды-батпақты топырағының механикалық құрамы
Топырақ 
қабаты,
см
Фракциялар мөлшері,%
Качинский бойынша 
гранулометриялық құрамы
Физикалық құм
Физикалық балшық
0,25-0,05 мм
0,05-0,01 мм
0,01-0,005 
мм
0,005-0,001 мм
<0,001 мм
0-20
7,4
25,1
17,1
37,7
21,8
Орташа балшық
20-30
5,6
19,3
16,0
36,8
24,6
Орташа балшық
30-60
9,2
32,6
7,7
13,1
18,0
Орташа құмбалшық
60-80
2,4
32,0
20,1
22,7
31,1
Орташа балшық
Топырақ құнарлылығының маңызды көрсеткіші – гумус мөлшері. Ол өсімдіктер 
мен топырақ микроағзаларының көпшілігінде қоректенудің негізгі көзі болуымен 
қатар, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне оң әсерін тигізеді [3]. Тәжірибе 
танабы шалғынды-батпақты топырағының агрохимиялық көрсеткіштері: қарашірінді 
мөлшері жоғары қабатта 1,09%, жалпы азот 0,012% және фосфор 0,24%, топырақ қабаты 
төмендеген сайын олардың мөлшерлері 0,65; 0,005; 0,12%-ке кемиді
Тыңайтқыштар бір және екі кезеңде қолданылды: фосфорды - егістік алдында, азотты - 
егу алдында және түптеу кезеңінде. Фосфор тыңайтқыштары суперфосфат және фосфорит 
ұны түрінде, ал азотты тыңайтқыштардан аммоний сульфаты қолданылған. Топырақтағы 
азот құрамы жоғары дәрежеде жылы кезеңнің метеорологиялық жағдайларына және 
агротехникалық іс-шараларға байланысты екендігі белгілі. Топырақтағы минералды 
азоттың көбеюінің ең басты тәсілі тыңайтқыштарды енгізу болып табылады [4,5].
Зерттеу нәтижелері, №1 тәжірибе бойынша топырақтағы жеңіл ыдырайтын азоттың 
мөлшері күріштің түптену фазасында тәжірибе варианттарында 36,3-52,3 мг/кг 
аралығында өзгеретінін көрсетті. Бақылау ретінде алынған N120K90 вариантында жеңіл 


46
ыдырайтын азот 36,3 мг/кг болды, бұл топырақтың осы формадағы азотпен өте төмен 
дәрежеде қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Күріштің бүкіл вегетациялық өсу кезеңінде 
бақылау вариантында топырақтағы жеңіл ыдырайтын азот мөлшері төмен күйінде қалды. 
Мысалы, «Азофос» тыңайтқыштарының NP-11:11 және NP-10:10 маркаларының N90P90 
және N120P120 нормаларын қолданғанда топырақтағы жеңіл ыдырайтын азот мөлшері 
45,5-51,2 мг/кг жоғарыласа, аммофосты қолданған варианттарда 47,6-52,3 мг/кг және 
фосфорит ұны варианттарында 42,4-46,7 мг/кг көтерілді. Бақылаумен салыстырғанда 
әртүрлі тыңайтқыштарда қолданған варианттарда жеңіл ыдырайтын азоттың мөлшері - 
6,1-16,0 мг/кг жоғарылайтындығы анықталды.
Фосфор органикалық және минералды қосылыстар түрінде болатын өсімдіктер 
өмірінің маңызды элементі [6]. Топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі 
оның құнарлылығының басты белгілерінің бірі болып саналады.
Тәжірибе жүргізілген 2015-2019 жылдары топырақтағы жылжымалы фосфордың 
мөлшері қолданылған тыңайтқыштардың түрлері мен нормаларына тікелей байланы-
сты болды. Мысалы тәжірибенің бақылау вариантында күріштің түптену кезіңінде 
жылжымалы фосфор мөлшері 20,3 мг/кг болса, ал тыңайтқыштардың әртүрлі формала-
рын қолданған варианттарда 25,0-33,2 мг/кг аралығында жоғарылады. Күріштің келесі 
түтіктену, сүттеніп-қамырланып пісу және толық пісу кезеңдеріне қарай өсімдіктің пай-
далануына сәйкес оның мөлшерлері айтарлықтай төмендейді.
Түптену кезеңінде жылжымалы фосфордың ең жоғарғы 33,0-33,2 мг/кг мөлшерлері 
тыңайтқыштардың нормаларын N120P120K90 қолданған варианттарда, яғни 
«Азофостың» NP-10:10 және аммофос түрінде қолданған кезде қамтамасыз етілді. Ең 
төменгі 25,0-28,5 мг/кг мөлшерлері фосфорит ұны вариантында анықталды.
Күріштің өнімін жинау кезеңінде жылжымалы фосфордың мөлшері айтарлықтай 
төмендейді. Оның мөлшері бақылау вариантында 16,5 мг/кг құраса, ал әртүрлі 
тыңайтқыштарды қолданған варианттарда 19,1-26,2 мг/кг аралығында өзгереді. 
Тыңайтқыштарды қолданған варианттарда оның түптену кезіндегі заңдылықтары 
сақталады. Бұл кезеңде ең жоғары 25,7-26,2 мг/кг мөлшерлері Азофостың NP-10:10 
және аммофос қолданған варианттарында болды. Басқа варианттарда бұл варианттармен 
салыстырғанда біршама төмендеу болатындығын байқалды (2-кесте).
2-кесте - Топырақтағы жылжымалы фосфордың өзгеруіне фосфориттен өндірілген 
тыңайтқыштардың әсері (Тәжірибе №1)

Тәжірибе варианттары
Жылжымалы фосфор мөлшері, мг/кг
Түптену
Түтіктену
Сүттеніп-қамырланып
пісу
Толық пісу
1
N120K90/Na, KCІ (бақылау)
20,3
18,1
18,5
16,5
2
N120P120K90/NP-11:11
32,5
29,0
30,5
25,4
3
N90P90K90/NP-11:11
27,8
25,3
26,7
22,2
4
N120P120K90/NP-10:10
33,2
29,6
30,8
25,7
5
N90P90K90/NP-10:10
28,4
26,0
27,4
22,6
6
N120P120K90/ Рамф
33,0
30,0
31,3
26,2
7
N90P90K90 / Рамф
28,1
25,5
27,0
22,4
8
N120P120K90/ Рм
28,5
25,9
27,4
22,7
9
N90P90K90 / Рм
25,0
22,3
23,7
19,1
Тәжірибедегі күріш дақылының өнімділігі қолданылған азот және фосфор 
тыңайтқыштарының нормалары мен қолданылған тыңайтқыштардың түрлеріне тікелей 
тәуелді болды (кесте 3).
3 кесте - Күріштің Маржан сортының өнімділігіне фосфориттерден өндірілген 


47
тыңайтқыштардың әсері, ц/га (Тәжірибе №1, екі жылдық орташа)

Тәжірибе варианттары
Өнім, ц/га
Қосымша өнім
ц/га
%
1
N120K90/Na, KCІ (бақылау)
38,0
-
-
2
N120P120K90/NP-11:11
53,0
15,0
39,5
3
N90P90K90/NP-11:11
45,0
7,0
18,7
4
N120P120K90/NP-10:10
55,0
17,0
44,7
5
N90P90K90/NP-10:10
48,0
10,0
26,3
6
N120P120K90/ Рамф
54,0
16,0
42,1
7
N90P90K90 / Рамф
46,0
8,0
21,1
8
N120P120K90/ Рм
50,0
12,0
31,6
9
N90P90K90 / Рм
43,0
5,0
13,2
ЕЕА05,ц/га/Р,%
2,77
2,19
Қорыта келгенде, қолданылған минералдық тыңайтқыштар күріш өсімдігінің 
биіктігін, түптену өнімділігін, масақ ұзындығын, 1000 дәннің салмағын айтарлықтай 
жоғарылатып, жоғары өнімділіктердің қалыптасуына септігін тигізді. Бірінші 
тәжірибеде бақылау вариантымен салыстырғанда күріш өнімділігінің биіктігі 6-18см, 
түптену өнімділігі 0,2-0,9 дана/өсімдік, масақ ұзындығы 0,5-6,3 см, негізгі және жанама 
масақтардағы дән саны 1-9 және 8-19 дана, масақтағы дән салмағы 0,38-0,98 г және 1000 
дәннің салмағы 2,0-4,0 г аралығында өзгерді. Бұл көрсеткіштердің ең жоғарғы шама-
ларын тыңайтқыштардың N120P120K90 нормаларын «Азофос» NP-10:10 маркасы мен 
аммофос түрінде қолданылған варианттар қамтамасыз етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет