84
қатысуы мiндеттi екенiн назарда ұстанғандары жөн. Заңның аталған талабының
орындалмауы қорғану құқығын бұзу болып табылады. Бұл сот қабылдаған
қаулыны бұзуға әкеп соғады.
Қылмыстық iстердi қараған кезде апелляциялық және қадағалау
сатысының соттары қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың сезiктiнiң,
айыпталушының,
сотталушының,
сотталғанның
қорғану
құқығының
қамтамасыз еткенiн мұқият тексерiп, орын алған заң бұзушылықтарды
ескерусiз қалдырмаулары қажет.
Адвокаттардың өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны (формальды қатысу,
таза бланктерге қол қою, қылмыстық iс жүргiзу барысында орын алған заң
бұзушылықтарды ескермеу және т.б.) тиiстi шара қолдану туралы жеке қаулы
шығаруға құқылы.
Адвокаттың қызметiн бюджет қаржылары есебiнен төлеу туралы қаулы
шығарған кезде, ҚIЖК-нiң 176-бабына сәйкес, аталған норманың 4-бөлiгiнде
көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты iс жүргiзу
шығындарын мемлекет пайдасына сотталушыдан өндiру туралы мәселенiң бiр
мезгiлде қаралатыны соттарға түсiндiрiлсiн.
Сондай-ақ қорғаушы iске ҚIЖК-нiң 71-бабының 3-бөлiгiне сәйкес
қатысқан жағдайларда сотталушы мемлекет шығынын өтеуден босатылуы
мүмкiн.
Адвокатқа төленуге тиiстi ақыны есептеу оның соңғы екi айдағы орташа
еңбекақысының мөлшерi туралы ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес, осы
нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгiзiледi, сондай-ақ
жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады әрi ол ресми жарияланған күннен
бастап күшiне енедi.
Достарыңызбен бөлісу: