Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§1. Азаматтық істер бойынша адвокаттардың өкілдік етуі



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§1. Азаматтық істер бойынша адвокаттардың өкілдік етуі 
Адвокаттың көрсететiн заң көмегiнiң түрлерiнiң iшiндегi азаматтық iс 
бойынша өкiл болып қатысуын ашып қарастырайық. 
Әр адам азаматтық процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы 
бар. Әрбiр адам бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн 
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 
Азаматтар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн 
қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. 
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге 
асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды, 
қоғамның адамгершiлiк қағидаларын сақтауға тиiс. 
56
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 5.12.1995 жыл. 


86 
Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi немесе өкiлдерi арқылы 
жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша 
қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы өзiне бiраз ыңғайсыздық 
туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi 
жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн 
қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi.ҚР АIЖК 59-бабында тапсырма 
бойынша өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең 
негiзгiсi, әрi маңыздысы – адвокаттар. 
Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi – тапсырма бойынша iске 
асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi. 
Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы) 
екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен 
мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi – сотта өкiлдiк ету 
деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық – 
құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында 
құқықтық қатынас пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет