90
Сот жарыссөзiнде адвокат өзiнiң ораторлық шеберлiгiн, заңи және кәсiби
бiлiктiлiгiн көрсетедi. Сөз сөйлегенде қатысушы тұлғалардың көңiл бөлетiнiне
мән беруi тиiс.
Сот жарыссөзiнде адвокат зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып сөз
сөйлеуi керек. Адвокат өз сөзiнде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот
отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасай алмайды.
Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықтық позициясын дәлелдеу, сотта
жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың
позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп
болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей
алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.
Осыдан кейiн iске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы
iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Прокурор iс бойынша қорытынды
бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу
бөлмесiнен сот отырысы залына оралғаннан кейiн, сот шешiм жариялайды.
Мұнан соң шешiмге шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiрiледi.
Аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот
шешii егер оған шағым, наразылық жасалмаса апелляциялық шағымдану
мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Жоғары соты, облыстық және iске қатысушы
басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы
негiздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: