85
ТАҚЫРЫП №11. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСКЕ ҚАТЫСУЫ
§1. Азаматтық істер бойынша адвокаттардың өкілдік етуі.
§2.Азаматтық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы адвокаттың
қызметі.
§3.Адвокаттың азаматтық істерді сотта қарау сатысында қатысуы
Адвокаттың азаматтық iс бойынша iске қатысуы
Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз мемлекет
ретiнде орнықтыра отырып ең басты қазынасы
ретiнде адам және азаматтың
өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.
Адвокатура
азаматтардың
барлық
жағдайда
құқықтары
мен
бостандықтарын заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым
болып табылады. Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және
құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.
Қазiргi нарықтық экономика жағдайына
байланысты адвокаттардың
көрсететiн қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен қатар
кәсiби және бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.
Адвокаттардың қазiргi таңдағы көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:
56
- шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша
көнсультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша
қорытындылар бередi;
- талап қою арыздарын, шағымдар мен
құқықтық сипаттағы басқа
құжаттарды жасайды;
- соттарда, мемлекеттiк және өзге де
органдарда азаматтық iстерде,
сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiнде өкiл ретiнде қатысады;
алдын
ала тергеу кезiнде, сотта қылмыстық iстер бойынша қорғаушы
ретiнде заң көмегiн көрсетедi, жәбiрленушiнiң, азаматтың талапкер, азаматтың
жауапкер өкiлдiгiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар адвокаттар азаматтарға, ұйымдарға өзге де заңдарда тыйым
салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: