Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§ 8. Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§ 8. Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және 
қорытындылау негiздерi 
Қылмыстық iс жүргiзуде сот сараптамасы өте маңызды орын алады. Тергеу 
және сот органдары заңға сәйкес сараптаманы iс үшiн маңызы бар мән-
жайларды анықтау үшiн арнайы бiлiмдер негiзiнде iс материалдарын зерттеу 
үшiн тағайындайды. Сараптама зерттеуi дәлелдi iс жүргiзу шешiмiнiң шығуына 
негiз болады. 
Адвокат сараптама негiзiнде қорғаушы өкiлеттiгiн жүзеге асыра 
алатындығын бiлуi тиiс. 
Сот сараптамасын iске мүдделi емес, арнаулы ғылыми бiлiмi бар, лицензия 
негiзiнде сот сараптама қызметiн жүзеге асырып жүрген адам жүргiзуге 
құқылы. Ол сарапшы болып танылады. 
Кез келген мән жағдайын ведомствалық зерттеуден өткен актiлер мен 
құжаттар, сонымен қатар ведомствалық қорытындылар мамандар iс жүргiзу 
әрекеттерi барысында жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жасалған 
ресми құжаттардың болуы тергеу және сот органдарының сұрауы бойынша 
алынса да, адвокат оларды сарапшының қорытындысы есебiнде қарастырмауы 
тиiс және арнайы сот сараптамасын жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы. 
Сарапшының сапасы көбiнесе тергеушiнiң тапқан дәлелдемелерiнiң дұрыс 
тiркелуiне байланысты болады. Тергеушi дәлелдемелердiң әр қайсысының 
жеке-жеке қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны 
көрсетiлуге тиiс. Әсiресе химиялық билогиялық, трасологиялық-балистикалық 
зерттеуге жататын заттар. 
Тергеушi сарапшыға iске қатысты, iстiң ашылуына әсерi тиетiн, зерттеуге 
жататын материалдарды жiберiп, бiрқатар сұрақтар қоюға құқылы. 
Тергеушiнiң сұрақтары қылмыстық iске қатысты жiберiлген материалдар 
негзiнде қойылуы тиiс. 
Адвокат 
есiнде 
сақтауы 
тиiс, 
сарапшының 
құқықтары 
iстiң 
материалдарымен танысуға ҚIЖК 83 бабының 3 бөлiгiне сәйкес сараптама 
пәнiне қатысты мән-жағдайлармен шектелген. Сондықтан да тергеу мен сот 
органдары сарапшыға себепсiз iс бойынша iс құжаттарын, дәлелдемелердi 


71 
жiбермеуi 
тиiс, 
себебi 
соңында 
зерттеу 
қорытындысы 
жиналған 
дәлелдемелердiң әсерiмен шығуы мүмкiн. Сонымен қатар сарапшының iске 
қатысты тиiстi материалдармен танысуға заңсыз шек қоюға тыйым салынады. 
Осы жағдайда тергеу мен сот органының қателiгi адвокаттың қорғауына 
пайдалы болады.
53
Егер де анықтау, алдын ала тергеу кезiнде сараптама мүлдем жүргiзiлмесе, 
адвокат соттан алдын ала тыңдау жүргiзiп басты сот талқылауында сараптама 
тағайындау немесе iстi тиiстi сараптама жүргiзу үшiн қосымша тергеу 
жүргiзiлуiне өтiнiш бiлдiре алады. Шешiм зерттеуге жататын мән 
жағдайлардың маңыздылығына, сонымен қатар зерттеуге жататын сот 
отырысындағы материалдарды ұсынуға байланысты шығарылады. 
Мына жағдайларда сарапшыны сот отырысына шақыртады: 
- айыпталушыны қорғауға қатысты барлық сауалдар шешiлмесе; 
- сарапшының қорытындысы жеткiлiксiз және сенiмсiз болған жағдайда
- егер де берiлген алдын ала тергеуде қорытынды айыпталушы мен 
қорғаушының әсерiнен күшiн жойса; 
- сарапшының қорытындысы адвокаттың қорғауындағы адамның 
кiнәсiздiгiн дәлелдейтiн дәлелдеме болса. 
Адвокат сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде сезiктiнiң 
айыпталушының қорғаушысы ретiнде мына жағдайларды бақылауы тиiс және 
бақылаумен қатар сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы ретiнде өтiнiш 
жасай алады; 
- сезiктiнiң, айыптплушының сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен 
танысуы және тиiстi құқықтарына түсiндiрме алуын бақылайды. 
- сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы 
органын шеттету туралы өтiнiш жасайды. 
- сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш 
жасайды. 
- сарапшының алдына қосымша мәселелер қою немесе бұрын 
қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш; 
- сараптама кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер бере алады. 
Сараптама тағайындау және оны қорытындылау негiздерi сезiктi мен 
айыпталушылардың жағдайын жақсартуға себiн тигiздi ме не болмаса жаңадан 
ашылған дәлелдемелерге жол ашты ма осыларды ескере отырып, қорғаушы 
ары қарай өзiнiң қорғау тактикаларын жүргiзу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет