Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§ 7. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§ 7. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды 
қолдануы 
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып қатыса отырып тұлғаға 
айып заңды негiзде тағылғанына көзi жеткенде осы тағылған айыбына 
жауаптылығына жеңiлдететiн мән-жайлар қарастырады. Жауаптылығын 
жеңiлдететiн мән-жайларды табуы тиiс, ерекше белсендiлiк көрсетуi керек. 
Адвокат iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттейдi. 
Адвокат 
жауаптылықты 
жеңiлдететiн 
жағдайларды 
анықтағанда 
қылмыстық құқық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сай әрекеттер жасауға 
құқылы көптеген iстерде сезiктiнiң немесе айыпталушының қылмысты 
жасағандығы айқын көрiнiп тұрса, адвокат айыбын жоққа шығаратын емес, 
жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды қарастырып, өз өкiлеттiгi 
шеңберiнде қызметiн атқарады. 
Жеңiлдететiн мән-жағдайлар дәлелдеу пәнiнiң негiзi ретiнде болады. 
Тәжiрибеде көп кездеседi, әсiресе ҚIЖК 71 бабының негiзiнде адвокаттардың 
мiндеттi түрде қатысуында, адвокаттар алдын ала тергеуден бастап сотта 
қорғаушының қорғау сөзiнде де тек қана қорғауындағы адамның шын жүректен 
өкiнетiндiгiн, тергеу әрекетiне көмегi тиетiндiгiн айтады. Мұндай қорғау 
сөздерiн қоғамдық қорғаушылар да айтып өте алады, бiрақ та кәсiптi, бiлiмдi, 
бiлiктi, тәжiрибелi адвокаттарға тек осындай қорғау сөздерiн баяндау ұят. 
Бiлiктi, тәжiрибелi, кәсiптi адвокат жеңiлдету әрекеттерiн жүргiзгенде 
алдын ала тергеу бағытына, шығарған шешiмдерiне тiптi iске толығымен өз 
пайдасына әсерiн тигiзуi керек. Сонымен қатар адвокаттық тағы да бiр мiндетi 
айыпталушыны қорғауды жүзеге асыру үшiн тергеушiге, прокурорға, сотқа 
жазасын жеңiлдетуге дәлелдi негiздердi ұсына отырып сендiру және соған 
сәйкес шешiм шығарту.
52
Адвокат соттың жаза тағайындап, жазасын жеңiлдететiнiн күтпеуi керек. 
Айыпталушы деп тапқанда, бұлтартпау шарасын қолданғанда, қорғаушы iс 
құжаттарымен танысқанда тергеушi айыптау қорытындысын шығарғанда, 
прокурор бұл қорытындыны бекiткен кезден бастап адвокат айыпталушының 
52
Гаврилов.С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996. 


70 
жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды қарауы тиiс. Тергеу әрекетi кезiнде iс 
жүргiзу шешiмдерiне жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiрмесе, соттың айыптау 
қорытындысын шығарарда жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiре алмайды. 
Айыптау үкiмiн шығарарда жазасын жеңiлдетуге байланысты деректер ұсынса 
сотта бұл деректер тексерiлгендiктен жарамсыз болып табылады. 
Адвокат жеңiлдету мән-жағдайларын табу мақсатында кез келген 
қылмыстық iс бойынша дәлелдеу пәнiне араласады. Адвокаттың мiндеттi түрде 
қадағалайтын жұмысы жеңiлдететiн мән-жағдайлардың нақты ашылуы, iс 
жүргiзу құжаттарында көрсетiлуi және шығарылған шешiмдерде ескерiлуi тиiс. 
Жеңiлдету мән-жағдайларды судья қылмыстық iстер көбейтiп кеткенде, 
жеке тұлғаның белгiлерiн тексермей жасаған әрекетiнiң ауырлығына мән 
бергенде, сапасыз немесе бiр жақты айыптау тергеуi болғанда ескерiлуi мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет