Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§2.Адвокаттың қылмыстық іске қатысуының құқықтық негізі



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§2.Адвокаттың қылмыстық іске қатысуының құқықтық негізі 
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн 
меңгерген маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, 
қызмет тактикасына, қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi. 
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғануына үлкен 
әсер ететiн қылмыстық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi – ол сезiктiнiң, 
айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. 
Қылмыстық iс жүргiзу жүйесiнде бұл принцип ерекше орында тұрады. 
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi 
қылмыстық iс жүргiзу принциптерiмен тығыз байланысты болады және 
оның бiрқатар элементтерi басқа принциптерiнiң құрамдас бөлiгiне кiредi. 
Мысалы, заңдылық сот iсiн тараптардың бәсекелестiгi мен тең 
құқықтылыны негiзiнде жүргiзу, жариялылық, кiнәсiздiк призумпциясы 
және т.б. Аталған принциптердiң сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға 
құқығын қамтамасыз етуi принципiмен бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот 
төрелiгiн жүргiзе аламыз. 
Дегенмен, сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз 
ету принципiнiң өзiндiк маңызы және оны қылмыстық iс жүргiзудiң басқа 
принциптерiнен ерекшелендiрiп тұратын нақты белгiлерi бар. Олардың 
iшiндегi ең бастысы, ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын 
қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзудiң маңызды бiр функциясы 
«қылмыстық iс жүргiзудегi қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа 
шығару мен оны жеңiлдетуге бағытталады.»
39
Егер айыптау функциясы тұлғаның кiнәлiлiгiн көрсететiн дәлелдерге 
негiзделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе 
жеңiлдетуге бағытталған материалдарға негiзделедi. Сондықтан бiз былай 
айта аламыз. Айыптаушы мен қорғаушының қызметтерi бiр мақсатты 
орындауға бағытталады – ол қылмыстық iс бойынша шындықты ақиқатты 
анықтау болып табылады. 
Қорғау қылмыстық iс жүргiзудiң функциясы ретiнде алдымен 
айыпталушыға қызмет жасайды, сөйтiп, ол сот төрелiгiне көмек көрсетедi. 
Сонымен бiрге, қорғаудың бiрқатар элементтерi айыптау функциясында да 
болады. Айыптау бiр жақты не тек айыптау материалдарына ғана негiзделiп 
отырса, онда бұл функция дұрыс қалыптаспайды, әрi нәтижесiз болады. 
Сондықтан, айыптау функциясы тек айыптау дәлелдерiне сүйенiп қоймай, 
сондай-ақ қорғау тарабы ұсынған барлық тұжырымдарын да ескерiп отырса 
ғана айыптау берiк болады. Бұл жағынан айыптау мен қорғау бiр-бiрiмен 
39
Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996. 


56 
өзара байланысты құқықтық институт. Бұларсыз бiрде-бiр қылмыстық iс 
қаралмайды, сондықтан бұл екеуi қатаң түрде өз орнын табуы тиiс.
40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет