57
Қылмыстық iс қозғау сатысында қылмыстық iс жүргiзу сатыларының
барлық белгiлерi тән:
нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық
қатынастар мен әркеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес,
қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат
бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша
мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа
қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп
қорытындылаймыз.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен
бекiтiлген азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi.
Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi
сатыларында қаралады.
41
Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты көрсетiлген
органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен
лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi,
алдын
ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн
тапқан жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады
және кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Аталған органдардың қылмыстық iс қозғау сатысында өкiлеттiктерiнiң
ерекшелiктерi бар. Сондықтан да адвокат әр органның қылмыстық iс қозғау
сатысындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды
тұлғалар қозғай алады, ал егер де өкiлеттiгi жоқ
адам iстi қозғаса адвокат
прокурорға шешiмнiң заңсыздығын дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.
Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар
мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет
құжаттарды,
есептердi
әкiмшiлiк
комиссияның
актiлердi
сұратуға
құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс
қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:
- жiберiлген қателiктерiн табу керек;
- жiберiлген қателiктi тапқаннан кейiн соған сәйкес шешiм шығаруы керек;
- шешiмдi дұрыс орындауы тиiс.
Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар
аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi жүргiзуге
еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.
Лауазымды адамдар мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды
себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.
Қылмыстық iстiң қозғау себебi – прокурор, тергеушi,
анықтаушы
органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы
мәлiметтерiнiң болуы.
Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
- азаматтардың арызы;
41
Тыныбеков С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК Казахстан.Алматы. Казах
университетi.1997.
58
- кiнәсiн мойындап келу;
- мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген
себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс
қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi,
себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы
болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене
отырып
шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi,
лауазымды тұлғалардың қаулылары, анықтамалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс
сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген
материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда
қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана
алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын
айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу сатысында тиiстi
лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды.
Сондықтан да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты
қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi
шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы
тиiс. Бiрақ та бұл сатыда, яғни қылмыстық iстi қозғау сатысында деректер мен
мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық
iс қозғау сатысында
қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.
42
.
Достарыңызбен бөлісу: