Майлы клизманы қою Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.
Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.