Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.
Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.
Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.
Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.