Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.
Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
Науқасқа контейнерді беріңіз.
Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.
Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.