Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
Дәрігердің ем тағайындайтынпарағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
Қолыңызды антисептикпентазартыңыз.
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
1 шай қасықта – 5 мл
1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл
1 ас қасықта – 15 мл
Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
Антисептикалық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндініңтамшысыналыңыз.
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.