«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет138/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

АҚТҚ берілу жолдары
АҚТҚ вирусы кездесетін ағзаның сұйықтықтары: қан, сперма, қынаптық бөліністер, емшек сүті.
АҚТҚ берілуінің 3 жолы бар:
1. Жыныстық жол
2. Қан арқылы (ағзаға жұқтырылған қан түскен жағдайда)
3. Анадан нәрестеге
Жыныстық жол
Презервативсіз жыныстық қатынас кезінде болады. Микрожарақат арқылы қан, сперма немесе қынаптық бөліністермен жұғуы мүмкін.
Жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, генитальді герпес, трихомониаз және т.б.) АҚТҚ берілу қаупін жоғарылатады.
Неғұрлым сексуалды серіктестері көп болған сайын, соғұрлым АҚТҚ-жұқпасы бар адамды жолықтыру қаупі жоғары. Бірақ, бір ғана қорғанусыз (презервативсіз) жыныстық қатынастың өзі АҚТҚ-жұқпасын жұқтыруға жеткілікті.
Қан арқылы
Ең қауіптісі есірткілік заттарды инъекция арқылы қолдану болып табылады, яғни АҚТҚ вирусы инъекционды аспаптарды ортақ қолданған кезде қанға өтіп кетеді. Егер инъекциялық есірткі тұтынушыда АҚТҚ-жұқпасы болса, одан кейінгі осы инені қолданған адамның вирусты жұқтыру ықтималдығы өте жоғары.
АҚТҚ вирусы сыртқы ортада тұрақсыз болып келеді, бірақ қанда қалдығында, шпритің ішінде ұзаққа дейін сақталады. Ине немесе инънекциялық заттардағы қан қалдығы кейде байқалмай да қалады. Ал оны сумен жуу АҚТҚ бар қаннан толық тазартпайды. Сондықтан АҚТҚ- мен жұқтырылған шприцті қолданған келесі тұтынушы өзін міндетті түрде осы вируспен жұқтырады. Егер залалданған шприцті бірнеше адам қолданатын болса, олардың әрқайсысының АҚТҚ жұқтыру қауіп-қатері бар. АҚТҚ-ның жұғуы қан немесе оның компоненттерін құю, мүшелер мен тіндерді қондыру, залалсыздандырылмаған аспаптар арқылы, құлақ тесу, татуаж жасау, пирсинг кезінде болуы мүмкін.
АҚТҚ-мен қан тапсыру кезінде емес, керісінше АҚТҚ бар донордан қан алғанда жұғады.
АҚТҚ бар анадан баласына жүктілік кезінде («тігінен»), босану кезінде, емшекпен емізу кезінде жұғады.
Егер де АҚТҚ-мен ана бала көтергісі келсе, бірінші арнайы маманмен кеңесуі қажет.
АҚТҚ қандай жолдармен берілмейді
АҚТҚ вирусы қоршаған ортада өте тұрақсыз келеді және ағзадан тыс жерде тез жойылып кетеді, сондықтан вирустар ауа арқылы, топырақ, айналадағы заттар арқылы берілмейді. Адамдар жай тұрмыстық қатынастар кезінде жұғып кетуден қатты қорқады. Бірақ бұлай істеудің қажеті жоқ.
АҚТҚ жұқпайтыны:

  • қол беріп амандасу кезінде;

  • сүйісу кезінде, құшақтасқанда;

  • бір кітапты, қаламсапты, басқа да тұрмыстық заттарды бірге қолданған кезде;

  • бір дәретханаға, бассейнге барған кезде, себебі вирус сілекей, зәр арқылы жұқпайды;

  • бір көлікті қолданған кезде;

  • маса, кене және басқа да жәндіктер шаққан кезде;

  • жөтелу немесе түшкіру кезінде.

Құрамында АҚТҚ вирусы бар, бірақ жұғуға керекті мөлшерде болмайтын ағза сұйықтықтары: сілекей, жас, тер, зәр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет