«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет139/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

АҚТҚ сүйісу кезінде жұға ма?
Жай сыртынан, «құрғақ» сүю кезінде ешқандай қауіп жоқ. Ал терең сүйіскеннің өзінде АҚТҚ сүйісу кезінде ауыз қуысында ашық жаралар болса ғана жұғады. Ал сілекей құрамында жұғуға қажетті АҚТҚ мөлшері жоқ.
Масалар АҚТҚ вирусын тарата ала ма?
Масалар АҚТҚ-ны тасымалдай алмайды. Вирусты биттер, кенелер, сіркелер де тасымалдамайды. Масалар безгек қоздырғышын тасымалдайды, бірақ АҚТҚ вирусын тасымалдайды деуге ешқандай негіз жоқ. Маса қанды сорады, бірақ сыртқа шашпайды.
АҚТҚ-жұқпасына тексеру
АҚТҚ-жұқпасына қарсы антиденелерді анықтайтын бірнеше сынақтар бар. Ол сынақтан өту үшін ЖҚТБ-ның алдын-алу және күрес орталығына немесе осындай сынақ жүргізетін басқа да медициналық мекемелерге қан тапсыру қажет. Талдау үшін көктамырдан аз ғана қан алынады. Талдау нәтижесі әдетте екінші күні дайын болады. Пациенттің өтініші бойынша зерттеуді анонимді түрде жүргізуге болады.
Мұндай талдау вирусты емес, оған қарсы түзілген антиденелерді анықтайды, сондықтан талдауды ағза жеткілікті мөлшерде антиденелер түзген кезде жүргізу керек.
Антиденелер АҚТҚ жұққаннан соң 3-4 аптадан кейін түзіледі, кейде бұл мерзім 3-6 айға дейін созылады. Ағзада вирус болып, бірақ талдауда анықталатындай антиденелер мөлшері түзілмесе, мұндай кезең «терезе» кезеңі деп аталады.
Егер сынақ оң болса, АҚТҚ-ға қарсы антиденелер анықталса, адам АҚТҚ-мен жұқтырылған деп есептеледі. Бірақ диагнозды нақтылау үшін басқа да зертеу әдістерін жүргізу қажет.
Сынақ теріс болған жағдайда, адам жұқтырылмаған немесе жұққан жағдайда да жеткілікті мөлшерде антиденелер түзілмеген дегенді білдіреді. Сынақтың теріс екендігіне толық көз жеткізу үшін зерттеуді қайталау керек.
Күмәнді нәтиже – алған нәтижені толық интерпретациялауға мүмкіндіктің жоқтығын білдіреді және мұндай жағдайда зерттеуді бір айдан кейін қайта жүргізу керек.
АҚТҚ-дан қорғану әдістері

  • жауапкершілікпен өмір сүру, ерте сексуалды қатынастардан бас тарту;

  • тек бір ғана, сенімді серіктестің болуы, егер ол серіктесі бұрын қорғансыз жыныстық қатынасқа түскен болса, оған міндетті түрде тексеруден өту қажет.

  • әр жыныстық қатынас кезінде презервативті қолдану.



ХХV - практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет