1.Психодинамикалық бағыт (психоанализ). Бұл бағыттың басты міндеті санасыз тенденциялар мен импульстерді анықтау және саналылық деңгейге көтеру.
2.Мінез – құлықтық психотерапия. Индивидтің кең мағынадағы мінез-құлығымен жұмыс істеуге бағытталған. Кеңесшінің көмегімен, клиент өзінің кикілжіңдер кезіндегі конструктивті емес мінез-құлқының себебі болып табылатын өз ойларын ауыстырады.
3.Гуманистік бағыт. Психотерапия кезінде клиентке «зат ретінде» қарауға және қысым жасауға қарсы шығады. Оның негізгі қағидалары «осында және қазір» басынан кешіп отырған сезімдерге шоғырландыру, сонымен қатар адамды өзінің жан-дүниесін зерттеуге ұмтылдыру болып табылады.
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері өз жұмыс орнындағы өзінің борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым−қатынаста болуы, бір−бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы керек. Егер медцина қызметкерлері бір−бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олар арасында өзара келіспеушіліктер шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике,мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстар болуы мүмкін. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, өзінің жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғандың сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін.Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болғанынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігі төмен бөлып, таза жұмыс істемегндіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығуы мүмкін.
Қақтығысуларды шешу жолдары: Жоғарыда айтып өткендей, медициналық ұжымда көптеген қақтығысулар кездесуі мүмкін. Бұл қақтығысулар өзінен өзі ең алдымен науқастарға кері әсер көрсетуі, оларға зиян келтіруі мүмкін, және де сонымен бірге олардың жұмыс орындарына зиян келтіруі мүмкін. Бұл ең алдымен адамгершіліктің болмағаны. Мейірбике де, дәрігерде өзінің дәрігерлік борышын орындауы керек. Егер олар арасында өзара қақтығыстар, келіспеушіліктер бар болса, оларға келген науқастар бұл жағдайдан қорқып кетуі, екінші рет бұл дәрігерге, тіпті бұл аурухана ға да келмеуі мүмкін. Сондықтан әр қашан мұндай жағдайларды алдын алу керек. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінен адамгершілікті, ұқыпты, мәдениетті болуды, өзін , өзінен басқаларды да құрметтей білуді талап етеді. Менің ойымша, медицина орталықтарында медициналық ұжым арасында өзара кеңестер өткізіліп тұруы керек. Әр бір дәрігер өзінің қолында жұмыс істейтін мейірбикелерге өз сөзін өткізе білуі, өзін құрмет етуді талап ете білуі керек, әріне шекарадан аспаған түрде. Медицина қызметкерлерінің арасында келіп шығатын қақтығыстардың тағы бір себебі олардың ой пікірлерінің бір жерден келіп шықпауы, үйлесімді болмағаны, одақтас болмағаны.
Әрбір медицина қызметкері, медициналық ұжым мүшелері әр қашанда бір бірлерін құрмет етулері керек, өйткені дәрігерді тек қана дәрігер жақсы түсінеді. Олардың өзара одақтастығы, өзара ынтымақтастығы науқастың да тез жазылып кетуіне себеп болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |