«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет46/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні
матем ойын, 9 сынып (1), 10333, 10333, СоөЖ №1 Тақырыбы «Психологияның даму үрдісіндегі психика жөнінде-emirsaba.org, template
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мiнез
Мiнез бiтiстерi Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы шапшаң, екінші асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп аталады. Қандай да бітіс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы. Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен əдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық əдетінде көрінеді. Бірақ əдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну əдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тəн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Əрқандай мəнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылықəрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған ісəрекеттерді ұйымдастырудан басталады. Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарамақарсылықтарында көрінеді: күштіəлсіз, қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне екінші деңгейлі қасиеттердің дəрежесімен анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, ісəрекеттерінің жанжақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам əлемдегінің біріне қызығып, бəріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы мінезі «тар» адамдар өзінөзі шектеуге бейім, ниет əрекеттерінің өрісі өте елеусіз.

Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де əрқилы, тіпті қарамақарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нəзік мəдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тəуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тəуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда əрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай əрекетқылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас келбеткейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi.
Мiнезбен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда «мiнездi адам» жəне «еркi күштi адам» сөз тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне, мiнез күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат берiктiгiн ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын қажет ететiн қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай ерiк əрекетiнiң қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез қалыптасады əрi көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк мiнезге ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн осы қасиет адам қылығы мен ерiктiк əрекеттерiне ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай нық, тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда «мiнезсiз» деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да мiнез бiтiстерi баршылық: қорқақтық, жүрексiздiк, сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан адамның iсəрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкiн емес. Мұндай адамда оның қылықəрекетiне жетекшiлiк еткендей дербес бағытбағдар жоқ. Оның əрекеттерiнiң бəрi өз билiгiнде болмай, тысқы ықпалдарға тəуелдi.
Мiнезерекшелiктерi адамның сезiмдiк процестерiмен байланысты, əрi бұл байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi мен қатынасына жəне бұлар негiзiнде қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы сезiмдердiң өздерi тұлғаға тəн тұрақты ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi сезiмдердiң болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
Адамның мiнез бiтiстерiнде ақылой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi мен жүйрiктiгi, қалыптан тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң ақылдық қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда бағыт таңдау тiкелей мiнезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бiрақ (мiнез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiрмейтiн адамдар аз емес. Мiнез құрастырушы көптеген қасиеттер бiртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейдi (өшпендiлiк, күдiкшiлдiк, сақилық т.б.). Ал кейбiр қасиеттер, мысалы, ерiктiк (жүректiлiк, дербестiк т.б.), сезiмдiк (жайдарылық, көңiлдiлiк т.б.), ақылсаналық (ой тереңдiгi, сындарлық т.б.) адам мiнездерiнiң ерекше құрамды бөлiктерi ретiнде талдауға келедi. Барша мiнез бiтiстерi өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам сақи да табанды; ашық адам жайдарлы, сенiмдi, достыққа тұрақты т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет