4. Мiнез түрлерi мен типтерi Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды. Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).
Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)
Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).
Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).
5. Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Достарыңызбен бөлісу: |