«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет96/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

VIII - практикалық сабақ
Ойлаудың психологиялық теориялары мен зеріттеулері
Жоспары:
1. Ойлау түрлері мен нысандары.
2. Сөз, сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу қызметтері.
Психология тарихының бас кезінде, әсіресе ол XIX ғысырдың аяғында, Еуропада пайда болған кезде ойлауға деген қызығушылық басым болды. Бақылау ғылыми әдіс болғандықтан ертедегі зерттеушілер (мысалыц, Кюлпе) сынаушыларға ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсыну арқылы дұрыс ойлауды зерттеген деп санады. Бұл инстроспективті ықпал көп нәтижелер берді, олар өз кезегінде тиімді ойлаудың кейбір факторларын анықтауға үлес қосты.
XX ғасыр бойынша арасында В. Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон және Вертгеймер бар көптеген атақты психологтар өздері таңдап алған теориялық модель негізінде ойлау тақырыбына көңіл бөлді.
Соңғы жиырма жыл бойы психикалық зерттеудің заңды тақырыбы ретінде ойлау тағы да бір кезеңдік қайта жаңғыруды басынан өткізді (Bourne and Dominowsky, 1972; Erickson and Jones, 1978; Mayer, 1983). Бұл қайта жаңғыруды логикалық ойлау мен ой пікірлер бойынша жасалған экспериментке жатқызуға болады.
Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта эасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, “қорытылады”, нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.
Егерде сіз, Германиямен соғыс кезінде II Николай патша Ресей азаматтарының негізгі мұқтаждықтарын елемеді деп оқысаңыз, онда ұзақ мерзімді естен Николайдың әйелі Александра тегі бойынша неміс болған деген мәлімет жайлы ақпаратты алып шығуы мүмкін, ал бұл екі жағдай бірігіп Ресей тарихына әсер етті деген ұйғарымға итермелейді. Әрине бұл мысал осы жерде көрсетілгеннен де гөрі күрделірек, себебі жоғарыда келтірілген қарапайым ойлардың дамыту үшін міндетті шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену мен пікір айтуға сүйенуге тура келеді.
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін, көбіре ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады.
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым–қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін–объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын–оның қажеттіліктері.
Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау “ішкі” процесс пе немесе ол мінез–құлықта көрінгендіктен бар болып санала ма, міне осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез–құлық байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді. Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады (Mayer. 1983);

  1. Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.

  2. Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.

  3. Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді “шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.

Ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау сияқты когнитивті процестерді қарастырмастан бұрын, біз әрине, алдыңғы тақырыптарды талдауды аяқтаймыз, себебі ол ақпараттарды өңдеу тізбегінің соңғы буыны болып табылады, сонымен қатар олар “жоғары деңгейдегі” танымдық іс-әрекетке жатады. Ойлау “жоғары деңгейдегі” танымдық іс- әрекет ретінде сипатталады, себебі ол ақпараттарды өңдеу процесінің анағұрлым іргелірек компонентіне тәуелді болып табылады, Осы ақпараттардың өңдеудің бірізділігінде қабылдау, паттерндерді тану және ес феномендері ерте пайда болған жағдайда ғана олар “симметриялық” деген мағына негізінде танымдық іс-әрекеттің “төменгі деңгейін” құрайды.
Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлаудың жүзеге асуының бірінші ретті формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып теориялық ойлаудың операцияларына айналды, Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критерийі болып табылады. Бірақ егер де біз бір есепті тек практикалық түрде ғана шешетін болсақ, онда оның тек көрнекі және мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берілген жеке жағдаятты ескере отырып шешеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда қайтадан есепті шешуге тура келеді, және тағы да бұл жеке міндетті ғана шешу болып табылады. Ал егер берілген есептің жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудің жалпыланған тәсілін табатын болсақ, бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдайға сәйкес болатын, практикалық–шешімін ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптік біртекті жағдайлардың барлығына ортақ шешімін таба алады.
Айтып өткеніміздей, когнитивті модельдің берілген компоненттері бір– бірінен оқшауланбайды; осыған сәйкес ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау танымдық процестердің ертеректегі сатыларынан бөлінбейді.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзі жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі болып табылады. Шынайы ойлау–ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен оның өнімінің бірлігі негізінде түсініледі.
Ойлау процесі күрделі процесс әрі ақпараттарды өңдеудің қорытынды сатысын кезеңіне жақын келетіндіктен оны зерттеу біздің түсіну деңгейіміз бен техникалық мүмкіндіктеріміздің шегінен шығады деп жоғарыдағы айтылған ойларға қарсылық білдіруге. Мұндай мәлімет аздап шын да, аздап жалған да бола алады. Ойлау процесінің көптеген ерекшеліктерінің құпия болып қалатынын мойындамау, әрине қиын, алайда когнитивті психологияның соңғы жиырма жылда жеткен жетістіктері, ойлауға қатысты кейбір фактілерді ашуға қабілетті және оларды дұрыс мағыналы психологиялық теориялардың қатарына қосатын теориялық модельдер мен зерттеу әдістерінің керемет арсеналдарын берді.
Сонымен, ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау–ми қыртысының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атақарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс - әрекетінің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым - қатынас жасап, іс - қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырыды.
Тіл. Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгілі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс - әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық - әлеуметтік мәні. Адамзамат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әртүрлі нәрселердің мән - жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп - тұру мен жол белгілері. Бұл – белгі, арқылы адамдар бір - бірімен қарым - қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс - әрекетіне әсер етеді.
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2 - сигнал жүйесі, бұл – адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызыметі» арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән - жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүнкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И. П. Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнелетін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін терендете түсініп, олардын мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды. Сөйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П. Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шарды маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарлардадыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуге қиналатының анықтаған. П. Брок мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы Қ. Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835 – 1911 ж.ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кездерде физиологтар мен психологтар П. К. Анохин, Н. А. Бернштейн, А. Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе, АҚШ – та Дж. Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екенін ашып көрсетті. П.К. Анохин сөйлеу әрекетінің физиалогиялық механизмін арнайы және бірнеше қызымет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизімі – Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызыметімен байланысты болып түр – түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31 - суретте арнайы берілген. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан. тСөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдалуына байланысты. Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауыруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлықболып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А.Р. Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі – мидың зақымдалу салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады. Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия - әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауыруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет