Конфликт элементтері:
Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы
Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі
Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық
Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану
Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы
Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы
Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік
Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.
Конфликт критерийлері:
1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады.
2. Жағдайды конфликілік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің әрекетін мақсатына жетудегі, әдейі жасалынған қастық деп бағалайды.
Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе рационалды шешім қабылдау. Конфликт даму кезінде бірнеше кезеңнен өтеді. Бұл кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да, оның тізбегі бірдей.
1.Конфликт алдындағы жағдай, осы кезде конфликт кенеттен пайда болады, бірақ көбіне осы кезеңде қандай да бір алғышарттар болады. Бұл жағдайда латентті деп те айтады. Ол мына этаптардан тұрады.
Объективті проблеманы жағдайдың пайда болуы.
Жағдайды түсіну.
Конфликтті емес әдіспен жағдайды шешу.
Конфликт алдындағы жағдайдың пайда болуы.
2. Конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың қызығушылығына қысым жасайтын, әрекет ететін инцидент болуы керек осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғашқы қақтығысуы. Егер конфликт алдындағы кезеңде конфликт эмоционалды болса, бұл кезеңде ол жарыққа шығады. Кейде, осы кезде конфликт басталып, тез аяқталып кетуі мүмкін. Ол мысалы, конфликтанттар инцидент кезінде өз конфликттерін шешеді. Ерекше жағдай-бұл "өткір конфликт", бұл конфликтте бір адам екінші адамға физикалық жазаға дейін қорқытады.
3. Эскалация-бұл кезеңде конфликт табалдырықпен жүреді. Эскалация үздіксіз болуы мүмкін.
4. Кульминация кезеңінде конфликтіге түсетін екі жақтың біреуі конфликтті одан ары қарай жасай берудің қажеті жоқ екенін түсініп, конфликтілі жағдай саналайды.
5. Конфликттің бітуі яғни белгілі шешімге келуі
"Конфликт" типологиясы
Конфликт типологиясы түрлі сипаттамаларға байланысты жасалынуы мүмкін.Типологияның мәні-нақты конфликттің ерекшелігіне сай, оған адекватты, яғни сәйкес шешім табу.
А.В.Мощенко өз классификациясын былай жасады:
Қарама-қарсылықтың шиеленісуі деңгейіне байланысты соғыс, жанжал, араздық, ұрыс-керіс.
Мәселелік-іс-әрекеттік белгісі бойынша мынадай конфликттерді бөлуге болады: басқарушылық, педагогикалық, өндірістік, экономикалық, саяси.
Достарыңызбен бөлісу: |