«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет155/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

XVIII - практикалық сабақ
Психосоматика және психосоматикалық бұзылулар
Жоспары:
1. Психосоматика түсінігі
2. Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар:
3. Психосоматика түрлері
Психосоматика – медициналық психологияның бір саласы, әртүрлі психологиялық факторлардың арқасында пайда болатын соматикалық аурауларды зерттейді. Гиппократ – психика+сома «Всякое расстройство психики сомы является следствием диспропорции и нарушения равновесия между психикой и сомой» (Платон и Аристотель) 19 ғ. бас кезінде психика мен сомо арақасындағы байланыс көп зерттелік, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт қалыптасты: психосоматика.
Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмнің жауап беру реакциясын (қысымын) туғызады. Физиология тілінде нейро-вегативті эндокриндік арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды.
Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар:

  • ағзалардың бұзылуға бейім болуы.(конститутциялық тұқымқуалаушылық)

  • пренеталды және өмірінің алғашқы жылдарындағы контитутционалдық бейімділік

  • функционалды органдарындағы белгілер, жеке адамның өте кешірек кезеңіндегі өзгерістер

  • ағзаның әртүрлі жарақаттар мен инфекциялардан кейінгі әлсіреу

  • психологиялық стресс кезіндегі ағзаның белсенділігінен

  • жеке адам жүйесіндегі ағзаның белгілік маңызы

  • психологиялық дамудың кешеуілдеуі нәтижесіндегі ағзаның функциясы
    Психосоматикалық бұзылулардың қалыптасуына байланысты бірнеше модельдері бар:

  • психофизиология

  • психодинамика

  • жүйелі-теориялық

  • социопсихосоматикалық
    Психосоматиалық бұзылуларды үш топқа бөлеміз:

  • конверсионды симптомдар

  • функционалды симптомдар (органикалық неврозы)

  • психосоматикалық аурулар немесе ағзалық психосомотоздар


Психосоматикалық аурулар дегеніміз өткір және созылмалы сипаттағы психотравматикалық уайымдар: брохты астма, гипертония, стенокардия, язвенный калит және т.б. Негізгі себебі – стресс. Психикалық стресс фактор аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетивті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсендіреді, ал осы белсенділік ішкі ағзалар мен қан жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Алған кезде болғанмен, қайта-қайта қайталануы органикалық өзгерістереге функционалды сипатта дейін әкеледі. Конверсионды симптомдар – невротикалық дау-дамайлар екінші соматикалық жауап (амнезия, тряс). Функционалдық симптомдар – ағзалық невроздар: симптомдар, синдромдар, жүрек-тамыр, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару және қозғлыс т.б бұзылулары.
Жүрек-тамыр жүйелері бұзылуындағы тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегативті-тамыр дистониясы. Жүрек неврозы немесе функционалды бұзылуына жүрек қысымы бұзылуынан болатын тахикардия, жүрек жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы, қысқа аритмиялар жатады.
Вегативті жүйке жүйесі симптоматикалық және парасимптоматикалық болып бөлінеді және симптомдары әртүрлі болады: симпатикотоникалық және вагоинсулярлық. Симпатикотоникалық түрінде адамның терісі құрғақ, бозғыл, аяқ-қолдары суық, температурасы тұрақсыз, тахикардияға бейімділік, бұлшықет дірілі, артериялық давление (қысым) жоғарлауы, жүрек айналасындағы жағымсыз жағдай байқалады. Ваготониялық түрінде – денесі суық, дымқыл, терісі бозғыл, артериялық гипертония, тыныс алу аритмиясы, естен тануға жақын, салмақ қосылу байқалады.

Себептері: қазіргі өркениеттілік, компьютеризация, автоматизация мен механизация, дұрыс тамақтанбау: синтетикалық, генно-инженерлік, химиялық құралдары бар өнімдерді пайдалану. Л.Л.Рахлин адамның ауруға қарым-қатынасын былайша топтастырған:

  1. депрессивті-астеникалық

  1. психоастеникалық(фобия, жабысқақ ойлар)

  2. гипохондриялық (өзбетінше болжау әртүрлі мамандарға қаралу)
    истериялық

  1. эйфория-анозогнозиялық (ауруын мойындамау, денсаулығына зиян келтіру)
    Ата-аналарының негативті қарым-қатынасы мен тәрбиенің қатаң әдістері жасөспірімдердің мінез-қылық девианттылығына реакцияларын, тұқымқуалаушылық пен байланыстылығын ғалымдар дәлелдеген.

Синдром Клайнфельтера (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалддарын зерттеу жүргізілуде. Қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық, бұл жағдайды «хроиосомы-убийцы». ХУУ – ХХУбалаларында ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі), агрессивті мінез-құлық байқалады.
Көптеген психикалық бұзылулар қалыпты жағдайдан патологиялық жағдайларға өтуге әсер етеді. Қобалжу мен көңіл-күйдің бұзылуы мен депрессия психиканың эмоционалды эксремалды көрінісі. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. Стресс дегеніміз- органтзімнің өзіне қойылған кез-келген қалыпқа қайтарған спецификалық емес жауабы.
Г.Селье адамның күнделікті өмірінде стрестің екі түрін бөліп көрсетті: эустресс және дистресс; эустресс жағымды эффектілігімен үйлестік болса , ал дистресс әркез жағымсыз, ол организмге зиянды.Стрестен қашуға болмайды., бұл мүмкін де емес . Тіпті ұйқыдағы адам біршама стресс сезінеді : жүрек қанды айдап жатса , ішек иамақты қорытып , ал дем алу бұлшық еттері кеуде клеткасының қозғалысын қамтамасыз етеді . Тіпті мидың өзі түс көру кезінде толық дем алмай, жұмыс атқарып жатады.
Стрестен толық бостандық өлім деген сөз. Сельнің гипотезасы бойынша депривация (тітіркендіргіштердің жоқтығы) және шектен тыс тітіркендір бірдей мөлшерде стрестің өсуіне , тіпті дистреске жеп соғады . Сондықтан , стрестен қашудан гөрі , оны қалай жағымды пайдалануды ойлауымыз керек Сельенің айтуынша: «Өз өміріміздің мәнді болуы үшін бз өз алдымызға күрделі және ұзақ уақыттық міндет қоюымыз қажет. Біз оған жету қысымды жұмысты қажетт ететін мақсатқа ұмтылуға тиіспіз . Мұндай мақсаттың жоқтығы –асқазан жарасын, инфаркт, гипертонияны тудыратын, ең мықты стрестердің бірі.»
Қазіргі өркениетті қоғамда адамдардың белгілі бір бөлігінде стрессор мен стрессорлық реакция арасындағы қатынас бұзылған. Мұндай бұзылулар егер олар ұзақ уақыт бойы әсер ететін болса, адамның денсаулығына зор нұқсан келтіріп, ауыр науқастарға әкеп соқтығады.
Шектен тыс стресс көптеген аурулардың пайда болуы мен дамуына әкеледі .Стресс тек қана психикалық қызметтің бұзылуына емес ,кез-келген аурудың себебіне айналуы мүмкін
Қоғамдағы өзгерістер адам психикасыныа әсер етпей қоймайды. Қазіргі кездегі
қоғам санасының қарқынды жағдайда байқалып жатқан құбылыстары әрбір адамның
даралық санасының да қарқынды өзгеріп жатқандықтың дәлелі. Осыған орай қоғамның
саулығы әрбір тұлғаның психологиялық саулығына тәуелді болып табылады.
Жеке адамның психологиялық саулығы көптеген психологиялық әдебиеттерде
бірнеше категориялар бойынша сипатталынады. Айталық,
Психологиялық саулық анықтамаларына талдау жасау арқылы оның көптеген
аспектілерін қарастыруға болады. Ең алдымен, психологиялық денсаулықты психикалық
нормадан ауытқу ретінде қарастырылады.
Оған қоса, псиикалық денсаулықты мәдениеттің, эмоциялардың және психикалық
денсаулықтың өзара қатынастары тұрғысынан қарастыруда: «Психикалық денсаулық, бұл
– ең алдымен, әр түрлі психикалық қасиеттер мен процестердің балансы (басқа біреуге
беру және одан алу, жалғыз қалу және басқалардың ортасында болу, өзіне деген және
басқаларға деген махаббат арасындағы баланс және т.б.)». Ал психологиялық денсаулық
проблемалары психологиялық көмектің, бұйрықшыл емес, медициналық емес
психотерапия мен дара психологиялық кеңес берудің аясында қарастырылады.
Атап айтқанда, А. Маслоу адам табиғатын зерттеуде «психологиялық мағынадағы
денісаулар», бұл - өзін-өзі жоғары дәрежеде кемелдендірген адамдар деп тұжырымдаған.
Психологиялық денсаулық – тұлғаның негізін құрайтын және оның дамудың кез
келген кезеңінде даралық және жас ерекшелік-психологиялық мүмкіндіктерін
кемелдендіруге жағдай жасайтын іштей аман-саулылығының (үйлесімділіктің)
динамикалық күйі .
Бірқатар психологтардың еңбектерінде психикалық денсаулық психологиялық
қолайсыздық пен психологиялық жайлылықты бастан кешірумен салыстырылады.
Психологиялық қолайсыздық депривацияға алып келетін бала қажеттіліктерінің
фрустрациясының нәтижесінде туындайды. Бала қажеттіліктерінің бір немесе
бірнешеуінің фрустрациясы әртүрлі психосоматикалық аурулар (өкпе ауруы, құсу, бас
аурулары және т.б.) түрінде көрінетін мектептік невроздың негізінде жатады.
Патогенездегі басты рөлді, А.И.Захаров атап көрсеткендей жеке тұлғаның қарама-қайшы
қатынастарының қақтығысуын, сәйкес келіспеушілігін білдіретін, психологиялық, яғни
ішкі қарама-қайшылықтар атқарады. Қарама-қайшылыққа тән күйзелістер – жеке
тұлғаның қарым-қатынас жүйесінде орталық орынды алған жағдайда және дау-дамай
патогенді қысым жоқ болып, туындаған жағдайдан рационалды, тиімді шығу жолдары
болмаған жағдайда ғана аурудың туындау көзі болады.
Сонымен, психикалық денсаулықтың негізін онтогенездің барлық кезеңдеріндегі
баланың толыққанды психикалық дамуы құрайды.
Руханилықты – жеке тұлғаның ерекше эмоциялы-рухани күйі ретінде, абсолютті
құндылықтар – шындық, сұлулық, жақсылыққа бағдарланған және оларды заттық-
мақсаттық іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асыруға тырысатын адам саналылығы
ретінде түсінуге болады.
Енді тұлғаның өзіндік бағасы мен өзіндік баға сипатына орай психикалық хал
ахуалын қарастырайық.
Өзіндік баға тұлғалық базалық қасиеттер, оның негізгі функциялары тұлғаның
тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін қорғаныс қызметін атқарады, яғни
тұлғаның мінез құлқын реттеуші, қалыптастырушы психологиялық категория /4/.
Бірқатар зерттеушілер О. И Мотковтың «Жизненное предназначение» әдістемесін
жүргізе отырып, мынадай қорытынды жасайды. Әртүрлі көрсеткіштегі өзіндік баға
тұлғаның өзіндік шыңдалу деңгейіне , соған орай, оның психологиялық саулық деңгейіне
де тікелей байланысты. Яғни тұлғаның тәндік және психологиялық жағдайының жоғары
деңгейі психологиялық саулығын нығайтады және өзіндік шыңдалуын қамтамасыз етеді.
Ӛзіндік баға, яғни тұлғаның өзін өзіне, өзінің мүмкіншіліктеріне, қасиеттеріне және
басқалармен қарым қатынас кезінде алатын орныныа берген бағасы, адамның мінез
әрекеттеріне, оның іс әрекет нәтижелеріне әсер етеді. Ӛзіндік бағаның потенциалды
мүмкіншілігін кейде тартымдылық (белсенділік) деңгейі деп те атауға болады. Ал
тартымдылық деңгейі ең алдымен, адамның өз іс әрекетінің сәттілігі мен сәтсіздіктерін
субьективті бастан кешіру негізіне орай қалыптасады.
Т.Шибутани өзіндік баға туралы: «Егер тұлға өз құндылықтарымен
сипатталынатын болса, онда оның функционалды бірлігін өзіндік баға құрады».
Мен қонцепциясындағы жайсыздықтар мен жағымсыздықтарғ яғни өзіне
сенімсіздіктің төмендігі, бас таруды сезінудегі қорқыныш, өзіндік бағаның төмен болуы
әлбетте оның мінез ірекеттерінің салдарына әсер етеді.
Лондондық Модсли госпитальдің біртоп зерттеушілері (Eysenk,Himmelweit,1946)
қызық факт келтіреді: тартымдылық деңгейінің көпжақтылықғы мазасыздану деңгейі
жоғары патологиялы тұлғалар қалыптағы тұлғаларға қарағанда (неврастиктер мен
дистимдік типтегі тұлғалар) алдына өте жоғары деңгейдегі мақсаттарды қояды, ал
истерик типтегі тұлғалар тартымдылық деңгейі төмен, өзі осы уақытқа дейін қол жеткен
табыстарыныан төмен мақсаттар қояды екен,
Кузьмина Ю. В. Диссертациялық зерттеу жұмысында «Оценка уровня здоровья и
образа жизни» Р.Страуба, тест «Оценка системы ценностей личности» М.Рокича, шкала
«Актуальной флексибильности» и шкала «Лжи» Г.В.Залевского (ТОРЗ), «Краткая шкала
измерения самоактуализации» (Джоунс и Крэндел, 1986) әдістемелерін жүргізе отырып,
денсаулық және салауатты өмір жастардың өзін өзі жүзеге асыру белсенділігіне, олардың
белсенді өмір сүруіне, күрделі оқу және кәсіби іс әрекеттерді таңдауына байланысты деп
көрсетеді.
Н.Г.Фирсова »Самооценка как фактор психологического здоровья пожилых людей
после выхода на пенсию» деп аталатын жобасында өзін өзі бағалау көсеткіші оның
пратикалық өмірінде үлкен мәне бар, өзі туралы шынайы білім, адамның тек қол жеткізген
табыстары мен сәтсіздіктерін бағалап қана қоймайды, адекватты өзіндік бағаның
қалыптасуына да зор әсер етеді, деп көрсетеді. Тұлғаның өзіндік бағасын зерттеу оның
тұлғалық ерекшеліктерін, мінез әрекеттері мен іс әрекеттерін түсініп қана қоймай, өзіндің
ішкі әлемін сапалы бағалауына да әсер етеді .
Т.А Рытченко өзіндік бағалауға мынадай сипаттама береді: адам өзін өзі тану
барысында қандай да бір өзіне деген эмоциялық құндылықтық қатынас, қалыптасады,
өзін дұрыс бағалау, өзіндік үйлесімділікті білдіреді. Ал бұл дегеніміз тұлғаның
психикалық саулығы деп айтуға болады.
Өзіндік бағасы өте төмен болған жағдайда, өзіндік сенімділігі жоғалады, ұяңдық,
тұйықтық пайда болады, өзіндік қабілеттіліктері мен қасиеттерін жүзеге асыры алмайды.
Мұндай адамдар алдына төмен мақсаттар қояды, сәтсіздіктерді әсерелетіп жібереді, өзіне
үнемі сыни қарайды, басқалардың қолдауын күтеді, мұның барлығы жарымжандыққы
әкеп соғады. Осыдан өзі бақытсыз сезініп психикалық саулығы нашарлауының көрсеткіші
бола алады.
Позитивті өзіндік баға адамның бүкәл өмірінің кепілі. Яғни адекваты өзіндік баға
тұлғаның толыққанды психикалық саулығының негізгі белгісі.
Өзін үнемі төмен бағалауы салдарынан адам біртіндеп эмоциялық қысымға тірелед,
тіпті адамды қылмыстық әрекеттерге апарады, жинақталып қалған агрессияның бұрқ етіп
шығуна әсер етеді.
Е.В. Москалева өзінің «Влияние самооценки на психологическое благополучие
личности в юности» деген еңбегіндегі эмпирикалық зерттеулер (К. Рифф ұсынған «Шкала
психологического благополучия» (ШПБ), (Ryff, 1989) и «Опросник самоуважения» http://www.enu.kz
ДеБоис (DuBois, 1996) әдістемелерін жүргізе отырып, жасөспірімдердің жоғары адекватты
өзіндік бағасы оның жеке басының психологиялық жайлылығын анықтайды, деп
көрсетеді.
К. Рифф теориясы бойынша психологиялық жайлылық автономды және қоршаған
ортаны өзіне баулумен сипатталады .
Социологтардың зерттеулері бойынша өзіне сенімсіз адамдар, өзінің жұмысы мен
жалақысына қанағаттанбайды, осыдан келіп өмірлік мәні төмендей бастайды, қаржылық
жағдайы демалысты, тамақтануды, бос уақытын ұйымдастырудың сапасына тікелей әсер
етеді. Мұның барлығы адамның тек психикалық саулығына ғана емес, тән саулығына да,
адам ағзасына да әсер етеді.
Адекватты өзіндік баға сау тұлғаның негізгі көрсеткіші, егер өзіндік баға төмен
болса, онда ол адамды түрлі психологиялық проблемелар мен психикалық бұзылыстарға
әкеп соғады.
Бехтеревтің айтуынша психологиялық сау тұлғаны дамытудың негізгі факторлық
жағдай: бірінші және бастысы адамның табиғаты, әкесінің ата тегі антропологиялық
ерекшелігі, яғни биологиялық тұқымқуалаушылығы, екінші адам организімі мен
тұқымының дамуының жағдайы.
GRC өзара әрекеттесу орталығы тренинг компаниясының директоры Ю. Кузнецов
«сәттілікке талпыну өзіндік төмен баға белгісі» атты мақаласында адамның
мақсаттарының орындалуына алып баратын жеті қадам жасау керектігін және сол жеті
қадамды сипаттап береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет