5. Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?
-эмоционалды түрде ортақтасу,науқаспен психологиялық контакт орнатуға,ол туралы толық,әрі нақты мәлімет алуға,науқасқа жазылатынына деген сенімін уялатуға,науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі;
-дәрігердің эмпатиясы,науқастың субьективті сезімдерінің,аурудыңобьективті клиникалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі: (аггравация,диссимуляция мен анозогонозияда және симу лативті жағдайда)
6. Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?
Коэн-коул мен Берд (1991) эмпатиялық жауаптардың бес түрін бөліп көрсетеді:
Бейнелеу – «Мен сіздің ..... көріп тұрмын»;
Мойындау – «Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын .....»;
Қолдау – «Менің сізге көмектескім келеді»;
Серіктестік – «Бірге жұмыс жасап көрейік»
Сыйлау- «Сіз көп нәрсе жасадыңыз».
Эмпатия сөздікнемесе сөздік емес түрде болуы мүмкін .
Сөздік:
«Өкінішті»;
«Сізге бұл жағдайды шешу қиынға соққан болар ....»;
«Бүгін сіз (қайғылы,ашулы,көңілсіз....) сияқтысыз »;
«Қазір сізге оңай емес»;
«Бұл жағдайды жеңу үшін,біз бірге жұмыс жасаймыз»;
«Маған кез-келген уақытта қоңырау соға аласыз»
Сөздік емес:
Жанашыр кейіп танытыңыз;
Бет келбетіңіз арқылы онымен бірге екеніңізді білдіріңіз;
Науқастың қолынан ұстаңыз;
7. Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер қасиеттер маңызды?
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдылық (сенситивтілік).Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап,түзетуге көмектесетін «кері байланыс» рөлін атқарады.
Дегенмен,сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс,себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын,аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |