9. Кәсіби « имимдж» не береді?
Кез-келген,тіпті ең бір күтпеген,қауіпті жағдайларда да,дәрігер қатты қобалжып,қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да,онысын науқасқа көрсетпеуі тиіс.
Дәрігердің сенімді болуы:
науқаста дәрігердің біліктілігі жөнінде трапевтік иллюзия қалыптастырылады.
дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап болашақты болжай алуы,науқастың «жағдайдың соңы жақсы болады» деген сенімін туғызады.
науқастың сенімін арттырып,үмітін оятады.
10. «Кәсіби имидж» мынандай сөздік емес компоненттерден тұрады:
қарым-қатынасқа түсуге деген дайын,ашық дененің қалпы;
сенімділікті,ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар;
эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық;
дәрігердің сыртқы келбеті, оның сөйлеу мәнері:сенім уялататын,сабырлы,бірқалыпты дауыс ырғағы.
Мұның бәрі дәрігердің кәсіби біліктілігіне деген науқастың сенім білдіруін арттырады.
Медицина қызметкерінің тағы да бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті,бұл кәсіби іс-әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |