11) Коммуникация аймақтары жөнінде басқа да классификациялар бар ма?
Жоғарыда берілген классификация батыс мәдениетін бақылау арқылы алынған болатын. Ал кейінгі жүргізілген зерттеулер алыс және жақын Шығыс мәдениетінің ерекшелігін анықтауға көмектесті. Бұл зерттеулердің бірі D.Morris (1992) классификациясы:
• шынтақ аймағы (бұл аймақта адамдар бір-біріне өте жақын орналасқаны соншалықты олардың шынтақтары бір-біріне тиіп тұрады – испан, француз, итальян, түрік, грек халықтары);
• білек аймағы (мұнда бір-біріне жақын орналасады – поляк, венгер, румын халқы);
• саусақ аймағы ( мұнда қол созым жердегі қашықтық ұсталады, тым жақындық құпталмайды – Ұлыбритания, Голландия елдері).
Достарыңызбен бөлісу: |