12) Қарым-қатынастың паравербалды құрылымының рөлі қандай?
Коммуникацияның паравербалды тәсілі арқылы белгілі-бір мақсатты, ниеттерді, тілектерді, жүзеге асыру үшін, адамдарда эмоциялар мен сезімдер оятылады. Бұл қарым-қатынас құрылымының негізінде тілдің тоналді және тембірлік ерекшеліктері жатыр. Кросс мәдени зерттеулер «жәй, ақырын» және «шулы, қатты» мәдениет түрлерін жіктеді. Алғашқы типке американдықтар жатады, яғни олар өздерінің ашықтығын, біліктілігін көрсетуге тырысады. Ал, екінші типке ағылшындар стилін жатқызуға болады. Олар қажетті адамға бағытталады және шудың деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, қашықтыққа да аса мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |