«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет261/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Жоғары деңгейдегі сезімдер.
Адамның жан дүниесі – қоршаған ортадан әсерленіп қана қоймай, оның барлық сырын білуге деген ұмтылыста. Бұл әрекет адам сезімінің жоғарғы деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік қасиетін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғарғы деңгейдегі сезімнің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық деген түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік)сезім адамның таным әрекеттерімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардың білім алуына, ересектердің өз қызметіне, щығармашылық пен өнерге деген қатынасын көрсетеді.Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі таңдаудан басталады. Таңдау кісіні әр нәрсенің, құбылыстың мәнін танып, оларды түсінуге жетелейді.
Эстетикалықсезім – адамның объективтік шындықты бейнелей отырып, оның әсемдігі мен сұлулығына сенімділігін қабылдаумен әсерленген көңіл-күй. Әсемдікті тану, оған рахаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмірінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім – мазмұны мән-мағынасы, түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен қоғамдағы әсемдіктің адам санасына енумен, оған әсер ететін құбылыс ретінде баяндалады.
Адамгершілік моральдық сезімдер – адамның қоғам талабына сай, өз мінезінің лайық не лайық еместігін сездіретін көңіл-күйді білдіреді. Адамгершілік сезім қоғам дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси идеялық бағдары, ондағы топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезімнен байқалады. Бұл сезімнің ұлттық сипаты да болады.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдердің қалыптасып, дамуы ең алдымен өз жеке басына деген жауапкершілікті сезінумен байланысты, сонымен бірге олар отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Ақыл –ойдан туатын және мақсатты орындалатын әрекеттер ерік әрекеттері деп аталады. Адамның су ішкісі келеді делік, ол қолын созып стаканды алды, су құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет, ал осыны орындау түспегенімен, ерік әрекеті болады. Әрбір адамға көздеген мақсатқа жету жолында түрлі қиындықтарды жеңіп, кедергілерден өту үшін, жігерлі іс-әрекет жасау керек. Бұл әрекеттер нағыз ерік әрекеті деп аталады. Бұл әрекетте жеке адамның ақыл-ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.
Адамның алдына қойған мақсатына жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді өзінде туатын күштің арқасында жеңіп өтуге көмекетесетін психикалық процесс ерік деп аталады.
Ішкі кедергілер – бұлар адамның өзіне тән жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдына қойған міндетке қатысы жоқ құштарлық, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туған кедергілер. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ерік жеке адамның қасиетін де, сонымен бірге қиындықтарды жеңе отырып, табандылықпен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерге толы ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адамның ерік күшіне тікелей байланысты. Керісінше, әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді де атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардың қамқорлығын аңсайды. Ерік күшінің болмауынан кейбіреулер келеңсіз іске құмартып, жағымсыз әдеттердің құрбаны болады (маскүнемдер, наркомандар).
Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі дене мүшелерінің жұмысын жақсартып, естің аууын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет