«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


XIII - СОӨЖ Еріктік амалдың психикалық құрылымы



бет262/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

XIII - СОӨЖ
Еріктік амалдың психикалық құрылымы.
Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі:

  1. Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу,
    шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар.

  2. Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен
    нәрсені көтеріп алу.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.


Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.
Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.
Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Біз көп адамдардан " не тілесем соны істеймін" деген сөзді көп естиміз
Кейбір философиямен психология ғылымының өкілдері осындайжеке пікірлерге жас кенедей жабысып: "адам не істеймін десе де ерікті өз қылығына өзі қожайын дейді. Ал еріктің айналасын қоршап түрған дүниеге, жағдайларға
Байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметіжемісінің бірі болып есептелінетінпсихикалық процесс деп түсінуіміз қажет. Ерік-жігер туралы теориялар мыналар: 1. интеллектуалдық немесе ассоциациялық теориялар. Мүны жақтаушы Германияда өткен ғасырда өмір сүрген Мейман. Мұның айтуынша ақыл-ой интеллектпен байланысып, соның нәтижесінде пайда болады, яғни ерік адамның мүқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады. Ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады.Адам ерікті әрекет жасау үшін өзінің бұрынғы көрген білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретіндеқарастырмайды, ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
2. Неміс психологы В.Вундт оның көзқарасы бойынша ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффекттілердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оны тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені, ерік пайда болу үшін оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше, адамның мүктаждықтары себеп болады.
З.Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Мысалы: адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке (тигізген) тізген тасты жай айналдырам деп ой -ласа жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. Бұл айтылған ойдың барлығыда ерікті әрекеттің пайда болу табиғатын, мазмұнын аша алмайды.
Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Еріктің физиалогиялық механизмі мен қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет