«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет31/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

В. Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай- талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан жақындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген.Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген.Совхозда бухалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүре біржағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігін, табандылығының арқасындаөмір қызығын татып отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі тандамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:

  1. Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;

  2. Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

  3. Баланы коллективтегі ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау-табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет