«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет33/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

D. Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллективтің ырқына бағындыра алу қабілеті.Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен.белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.Оқушыларда еріктің осындай тамаша қасиетін тәрбиелеуде біз әр уақытта да өзімізге ұлы Ленинді үлгі етіп отыруымыз қажет. Оның ерекше тәртіп сақтағыштығы мен жинақылығы жөнінде А.А.Андреев былай дейді: «Ленин уақытын дәл ұстайтын. Қанша көрсең, ол тағайындалған уақытында мәжіліс залында болатын немесе кворумды күтіп, өз кабинетінде жұмыс істеп отыратын. Мәжіліс жүргізгенде Ленин біршама қатал еді... Жарыс сөздер мен баяндамалар үшін регламент Орталық Комитетте, Еңбек және Қорғаныс Советінде берісі 3, әрісі 5 минуттан белгіленетін, бұл регламентті алдымен Ленин өзі зәредей бұзбаушы еді. Оның алдында ылғи секундтығы бар сағат жататын, егер сөйлеуші адам регламенттің шегінен асып баражатса, ол дереу сағаты көрсетіп қоятын-ды. Ал шылым тартуға ол өте-мөте қатты тыйым салып қойған ».
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет