- 1218 жылы Шыңғыс хан Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әскерін жіберді. Жебе ноян Жетісуға жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын жариялады.Күшілік хан жеңіліп, өлтірілді.
КЕРЕЙІТТЕР (ІХ ІІ жарт-ХІІІғ. басы)
Тайпаның аты
-Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер (керілендіктер) деп аталған. Жазба деректерде Х ғ. бас кезінен кездесе бастайды.
ХІ-ХІІ ғасырларда
-Керейіттер Орхон,Керулен, Селенгі, Аргун өзендірінің бойын мекендеген. Солтүстігінде Орхон өзенінен, оңтүстігінде Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иеленді.
Көршілері
-Батысында-наймандар , шығысында – татарлар, солтүстігінде – меркіттер, оңтүстігінде – танғұттар.
Орталығы
-Битөбе - Хантәңірі тауының шығысында орналасқан қазіргі Улан-Батор қаласы жанында.
-Қарақорым- кейінгі астанасы Орхон өзені бойында орналасқан.
-Керейіттер хандығының құрамына кірген аймақ саны: 8 (сегіз).Керей, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун.Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болды .
«Монғолдың құпия шежіресі».
-ХІ ғасырдың аяғы – ХІІ ғасыр басында Керейіттер хандығы мен Монғол хандығы арасында жақсы қарым-қатынас болғандығын баяндайтын тарихи шығарма.
-«Тайпаның түп атауы керей, «д» («т») жұрнағы –моңғол тілінде көптік белгі, сондықтан да керейіт атанды».
-«Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел... Олар тек Шыңғысхан... әсерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған» - деп айтқан.
жазуы
-Керейіттердің пайдаланған жазуы: көне түрік жазуы.
-Монғол мемлекеті құрылғанда хатшылары керейіттерден болған.