-Половецтер-«Далалықтар» орыс деректеріндегі қыпшақтардың атауы.ХІІ ғасырда қыпшақтар орыс князьдерінің өзара соғыстарына араласып, олармен одақтар құрды және әулеттік некелер жасасты.
-Қыпшақ халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы үлкен нұқсан келтірген. Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы ХVғ. дейін кешеуілдеді.Қыпшақтарқазақ этногенезіне үлкен үлес қосты.
-Қыпшақ тілі тобына жататын тайпалардың (қыпшақтардың) Ұлы Даланың орталық, кейін батыс бөлігіне қоныс аударуы қазіргі заманғы түркі халықтарының солтүстік тобының, бірінші кезекте қазақтардың қалыптасуына негіз қалады.