Мектеп: «№16 жббом» кмм



Дата23.08.2017
өлшемі90,89 Kb.
#24785
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: «№16 ЖББОМ» КММ

Күні: 14.04.17

Мұғалімнің есімі: Тілепбай Е.Н.

СЫНЫП: 2 «Б»

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Тақырыбы

С.Машақов Мәншүк

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман қыздарының бірі, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолдары, ерлік күресі және мінезімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіне алады.







Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп өмірмен байланыстыра алады.






Кейбір оқушылар:

Әңгімедегі негізгі ойды анықтай алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын меңгереді, Мәншүк туралы білетіндерін жаңа мағлұматпен білімдерін кеңейтеді.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

пулемент, батыр, қаһар, қатуланған, жасымаған



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер:

оқылым, жазылым, айтылым



Талқылауға арналған сұрақтар:

-Өлеңде не туралы айтылған? 
-Өлең авторы кім? 
-М.Маметова кім? 
-Мәншукке сипаттама бер? 
-Қызу ұрыс кезін сипаттайтын өлең жолдарын оқы. 
-Мәншуктің пулеметі екенін неден аңғардыңдар? 


Алдыңғы тақырып

Шығарма «Көктем»

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басталуы


Психологилық тренинг:

Бізге күн жарқырап сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр.

Адамдар сондай болса екен, шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап, құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өз өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр.

Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалыпқа келдік.



  • Көз алдымызға не елестеді?

  • Өміріміз қандай екен?

  • Ал осындай өмірде, бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасы?

Сергіту сәті

«Әрқашан күн сөнбесін» ән 


музыка


Ортасы


Кітаппен жұмыс. 
«Мәншүк» өлеңінің авторы С. Машақов туралы түсінік беру. Өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығымен таныстыру. 

Сәду Машақов (1906–1995). 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. 1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде (1928–1960) бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Алматы қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1931–1932 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, Калинин майданында шыққан «Алға, жауға қарсы» газетінің редакторы, 1944–1945 жж. Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Алғашқы жыр жинағы «Колхоз жыры» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін «Балға жыры» (1933), «Жартас» (1934), «Отан үшін» (1938), «Кезеңдер» (1959), «Жылдар мен жолдар» (1962), «Сапарда» (1972), т.б. кітаптары, 1986 жылы «Ақ көңіл» деген атпен таңдамалы өлеңдері мен поэмалар жинағы шыққан.

Мәншүк өлеңін мәнеріне келтіре оқып беру. 


Өлеңді қара сөзбек түсіндіру. 
Оқушыларға тізбектей оқыту 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт екенін аңғарыңдар?
2. Мәншүктің қолында қандай құрал бар?
3. Оның аты қалай?
4. Мәншүк – кім?
5. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ер жүректілігін суреттеген жолдарын тауып оқы.
------------------- Өлім қаупінен жасымаған
------------------- Отан үшін шайқасқан
Мәншүк
------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған
------------------- Жаудан тайсалмаған.

Сөздік жұмыс.  Дәптермен жұмыс 
қаһар – ашу, 
ыза ,қатуланған – ашуланған, кектенген 
жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген 
қауіп-қорқыныш,қатер 
Батырлық,ерлік, туралы мақал-мәтел жазу 

Видеокөрсетілім. «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк»

Бес жолды өлең құрастыру.

1.Зат есім. Кім? – Мәншүк

2.Етістік. Не істеді? Қайтті?- атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.

3.Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.

4. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.



оқулық, бейне ролик



дәптер, оқулық


бейне ролик

музыка
оқулық


Аяқталуы


Білемін Білгім келеді Үйрендім (оқушылар Мәншүк Мәметова жайлы не білетіндерін, не білгісі келетіндерін, сабақта үйренгендерін дәптерлеріне жазады.)

Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттап келу. «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» тақырыбына шығарма жазу. 



Бағалау.

сабаққа белсенді араласқан балаларды мадақтап бағалаймын.


бағдаршам



Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау. Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет