Мектеп: №68 мибб кешені Тақырып: Атамекен-алтын бесік Құндылық



Дата07.05.2017
өлшемі68,95 Kb.
#15952
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: № 68 МИББ кешені

Тақырып: Атамекен-алтын бесік



Құндылық: Қиянат жасамау,сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық,қоршаған ортаны қорғау

Мұғалiм: Айқынбаева М.А

Сынып: 7

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты:

Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.



Міндеттері:

Білімдік: Оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту

Дамытушылық: Атамекенді қадірлей білу,атамекенге қызмет ету,адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы ойларын дамыту

Тәрбиелік: өз атамекендерін,туған жеріне сүйіп өсулеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақтар: Балалар қандай сезімде болдыңдар?

Қорытынды: Олай,болса ,осы тыныштығымызды жүрегімізде сақтайық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 19 сабақ ,85 беттегі

«Бір шымшым топырақ» Ғ.Оралбаев

Жақып ойына алған ісіне жан сала кірісті:Елге дабыра қылмастан,қоймадағы жүн,терілерді,қамбадағы астықты анда-мұнда жөнелтіп,көңілге тоқ салдырған күміс теңге,алтын ділдаға айналдырып жатты...

Сұрақтар:

-Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?

-«Атамекен», «туған жер»ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?

- өз атамекендерің,туған жерлерің ,Отаның туралы айтып беріңдер?



Қорытынды: балалар,Отанымызды сүйіп қастерлейік.


Сабақ барысын талдау:

ІІІ.Дәйексөз.

« Тұған жер –тұғырың, туған ел-қыдырың.»

Халық мақалы

Сұрақ: Дәйек сөз не туралы?

Қорытынды: Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.





ІҮ.Әңгiмелеу Мұғалім сыйы

Аңыз- әңгіме

Қеңес Оразбекұлы

Сонау көне заманда,бүгінгі қазақ елінің төрінде,Ергенеқон елінде ай мүйізді,аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті.Сол қос Пырақ бүгінгі Қазақтың,кешегі Көк Түріктің,Ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш ретауыздықтап,жанына серік етіпті.Сөйтіп, «Ат-ердің қанаты» желден жүйрік тұлпар мінген,түлпар емес –ау Пырақ мінген ерлердің рухы биіктеп,бойларына желік бітіпті.Сонымен олар ұшса-қайыспас қанат,ұмытылса –қайырылмас қару болып. Жер-дүниені кезіп,шарлапты. «Бергеннің қолынан,бермегеннің жолынан »деп,ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау Амурдан.Батыстан сонау Дунайға, тіпті Римға дейін саулапты. Бірақ,бір уақыттарда « Ел аралаған сыншы болар» дегендей Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп «Отан-оттан ыстық», «Өз-елім-өлең төсегім»деп ,Ергенқон еліне қайтып оралыпты. Олар қайтып оралғанда алдарынан қалқып Қыран шығады.

-Иә не көрдіңдер,не түйдіңдер? Депті Қыран

Сонда қос Пырақ –Көргенімізді айтсақ- көп сөз. Түйгенімізді айтсақ,әркімнің өз жері жұмақ екен,-депті

«Туған жер-тұғырың,туған ел -қыдырың»,-деп қостапты Қыран.

«Кісі елінде күркірігенше,өз елінде дүркіре»дегендей,Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық.

Онда алдарыңнан жарылқасын!-деді Қыран

-Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын,нұр шашсын,шайқалмасын деп,қанатымыздың астына алып,Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп,қырағы қорғаны болмақпыз.

--Онда, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп,мен де де Көк төрінде төбелеріңен қалықтайын.

Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын.

-Тауып айттың,Қыран! «Ынтымақ түбі-игілік»-дейді. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан»атты елдің мәнгілік рәмізіне айналсақ,біз үшін бақыт емес пе?!

Сұрақ:

Қазақстан рәміздері несімен қымбат?

Еліміздің рәміздерін қалай насихаттап,мақтаныш етер едің?

Қорытынды: Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.





Ү.Шығармашылық жұмыс.

«Атамекенім-менің мақтанышым» тақырыбында шығарма жазындар.

Қазақстан рәміздері саған несімен қымбат?

Еліміздің рәміздерін қалай насихаттап .мақтаныш етер едің?

Өз Атамекеніңе қандай үлес қосар едің?

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1 – топ.

2 – топ.

3 – топ.

Немесе дәптермен жұмыс

Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Әр топтың тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.



Қорытынды: Атамекен-туған халқыңның,ұлтының мекен еткен,ата-бабасының қоныс тепкен жері





ҮІ.Топпен ән айту.

Атамекен

Сөзі Қ.Мырза Әлінікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі

Жасыл жайлау –түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қ-сы


Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем.

Көк кілемде көп аунаймын,көп күлем

Асқар тауың аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем



Қорытынды Адамның болашағы да өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады.




ҮІІ.Үй тапсырмасы: 20 сабақ 92 беттегі «Аманай мен Заманай» үзінді С.Жүнісов оқып келу.Дәптермен жұмысты аяқтау





ҮІІІ.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.



Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау, жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет