Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары



бет14/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Директор

1. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация шешулерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы қол жеткізуге болады, яғни барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды және ол педагогика қызметкерлерінен жаңа кәсіптік құзырлықты талап етеді.
Кәсіптік педагог сапалы біліммен қамтамасыз ететін қозғаушы күш. Осыған байланысты мұғалімдер мен басқарушы кадрларды аттестациялау ұстаз кәсібін ынталандырып, еңбегін нәтижелендіреді. Аттестация барысында мұғалімнің кәсіптік құзырлығына ғана диагностика жасалып қоймай, келешекте белгілі бағыттары анықталады.
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты - педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды аттестациялаудың міндеті - педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік санатын беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Педагогтарды аттестациялау принциптері - еркіндік, жариялылық, жүйелік, тұтастық еріктілік және оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Құрылған әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі - біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, олар жоғарғы санатты алу үшін республикалық, облыстық деңгейдегі аттестациялық комиссия, бірінші санатты алу үшін аудандық, қалалық деңгейіндегі аттестациялық комиссиясы, ал екінші санаттыалу үшін мұғалім мектеп аттестациялау комиссиясына өтініш береді.
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі - қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі - практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық сараптаудан (экспертизадан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Біліктілікті көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орны базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.
Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты. Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет