Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Менеджер қызметін аттестациялау көрсеткіштеріне келесілер жатады



бет17/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Директор

Менеджер қызметін аттестациялау көрсеткіштеріне келесілер жатады:

1) білімі: жалпы дайындық деңгейі, арнайы дайындық деңгейі, аралас сұрақтарды білуі, жан-жақтылығы;


2) жеке қасиеттері: шындық, адалдық, денсаулығы, сыртқы түрі;
3) қабілеттері: ұйымдастыру, шығармашылық, басқару;
4) қарым-қатынас жасау қабілеттігі: тіл табыса алуы, сөйлеу мәдениеті, психологиялық тұрақтылығы, ақыл-ойының икемділігі;
5) жұмыс тәжірибесі: еңбек өтілімі, қызметінде алға жылжуы, қызметке сәйкестігі;
6) талпынысы: жеке талпынысы, жұмыс істеуге деген ынтасының болуы, болашаққа ұмтылуы.


Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру.
Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің бірден-бір шарты болып табылады. Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да, соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше білімін көтеруге байланысты болады. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоңары оқу орны - мұғалімдер білімін жетілдіру институты - семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі бойынша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Біліктілікті арттыру - базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық пен арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерінен тұрады және ол жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға нақты көмек көрсету үшін оның кәсіптік қызметіндегі сұраныстарын, қажеттілігі мен жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп, жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса назар аударады. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордық, оқу ісі меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады.
Қорыта келгенде: Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де, педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.
Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асра алуына тікелей байланысты.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметі бойында жалғасып отыратыны анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет