Мектеп директоры Р. Крылатая



бет12/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
#12745
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4- тапсырма. Сөйлеп үйрен.

1.Тамақ.

2. Тамақ пісірді.

3.Анам тамақ пісірді.

4. Анам маған пісірді.

5. Анам маған дәмді тамақ пісірді.



5- тапсырма.Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.



  • Бұл кім?

  • Ол қайда жұмыс істейді?

  • Ол не істеп тұр?

  • Қай пәннің мұғалімі?

  • Математика пәні ұн ма?





  • Бұл кім?

  • Ол қайда жұмыс істейді?

  • Ол не істеп тұр?

  • Ән тыңдау ұнай ма?

  • Саған қандай өлең ұнайды?



Екі топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып ,суреттер арқылы сұрақтарға жауап береді. (Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушының тобына ұпай саны қосылады.)

4. Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады? (Ағамның сүйікті ісі)

  • Сүйікті іс деген сөздің мағынасын түсіндіндер ме? (балалар жауабы)

  • Өткен тақырыпты қайталау арқылы сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын беру, түсіндіру. Екі топтың ұпай санын санау арқылы сабақты аяқтау, оқушылармен сабақ соныңда қоштасу.

5. Үй тапсырмасы: 6- тапсырма, 18 бет.

6. Оқушыларды бағалау.

Аппасова Г.Ш. «Көптілділік-заман талабы» тақырыбында «Степногорск ақшамы» газетіне мақала жазды.

Мақала

Көптілділік-заман талабы

  Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артық-шылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі.

                  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп атап көрсетілді. Соның дәлелі ретінде Степногорск қаласының №2 Ақсу орта мектебінде қыркүйек айының 7-20 аралығында ҚР халықтарының Тілдер күні онкүндігі «Көптілділік-болашаққа салар сара жол» тақырыбында өткізілді. Осыған орай онкүндігіміз мерекелік жиынмен басталды.Жиында орыс және қазақ сыныптары әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айттып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.

Мектеп кітапханасында қазақ хандығының 550 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.

Жоспар бойынша 1-11 қазақ және орыс сыныптарында «Көптілділік-болашаққа салар сара жол» тақырыбында сынып жетекшілері тәрбие сағатын өткізді.

А.Т. Исабекова 6-11 сынып оқушылары арасында «Ең сауатты оқушы» жарысын (диктант) өткізді. Сайыстың нәтижесі:

І орын – 8 «Б» сынып оқушысы Масабаева Сабина

ІІ орын- 7 «Б» сынып оқушысы Мащанова Анар

ІІІ орын- 7 «Б» сынып оқушысы Кабдушова Мадина

Он бірінші қыркүйекте мектебімізде 5-6-сынып оқушыларының арасында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан ...» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі. І орынға иеленген 5 «А» сынып оқушысы Айтмуханова Наргиз. ІІ орынға иеленген 6 «А» сынып оқушысы Смирнова Марина ІІІ орын иеленген 5 «Б» сынып оқушысы Абай Лаура

Он бесінші қыркүйекте «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шығармалар байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі:

І орын - 9 «Б» сынып оқушысы Гүлнұр Махаббат

ІІ орын-9 «А» сынып оқушысы Мусабаева Карина

ІІІ орын-10 «Б» сынып оқушысы Казенова Ұлболсын ІІІ орын-11 «А» сынып оқушысы Дзюбина Анастасия



Бесінші-алтыншы сынып оқушылары арасында «Қазақ халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Тілдер онкүндігіне мектеп оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып,  барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Каталог: 47D667AAB66AEB50
47D667AAB66AEB50 -> Пәні : Сынып сағаты Сыныбы: 3 б пән мұғалімі
47D667AAB66AEB50 -> Сабақтың барысы: I. Кіріспе. Медитация Балалар, енді барлығымыз ұстасып бәрімізге жылы лебіздерімізді айтайық
47D667AAB66AEB50 -> Көрнекіліктер: әңгіме, сұрақ-жауап. Барысы
47D667AAB66AEB50 -> Пәні: Сынып сағаты Сыныбы: 3 «Б» Пән мұғалімі: Мырзабекова Ұ. Т тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
47D667AAB66AEB50 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
47D667AAB66AEB50 -> Сабақтың тақырыбы күні уақыты сынып
47D667AAB66AEB50 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ
47D667AAB66AEB50 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстанның ХIV xv ғасырлардағы сәулет өнері
47D667AAB66AEB50 -> Сабақ Cабақтың тақырыбы : Microsoft Office Wordта суреттермен жұмыс істеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет