Мектеп директорының м а Қ. К. Абенов



бет1/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бекітемін:

Мектеп директорының м.а

_____ Қ.К.Абенов

Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің әлеуметтік ұстаз онкүндігінің жоспары

15-25.10.2015

2015-2016 оқу жылы





Іс-шаралар

сынып

күні

жауапты

1

Онкүндіктің ашылуы. Жоспармен таныстыру

«Өмір сен маған қымбатсың»атты танымдық сабақ.«Жолдос» бейне фильмін тамашалау

Мақсаты: Оқушыларды жол және адам өмірінің қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

«Жемқорлық –індет, оны жою бізге міндет» атты тәрбие сағаты

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа күресті нығайту



1сыныптар

8-9 сыныптар



15.10.2015ж

Кусайнова А.Е

Сынып жетекшілер



2

«Мейірімді жүрек» атты психологиялық тренинг

Мақсаты:оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баулу, мейірбандылыққа тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту



3-сыныптар аралығы

Онкүндік аясында

Кусайнова А.Е

Сынып жетекшілер



3

«Таңда,жастай жолдың дұрысын» атты сынып сағаты

Мақсаты: Зиянды әдеттерден(темекі, насыбай,есірткі,алькоголь т.б ) аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру




6-8сыныптар

17.10.2015ж

Кусайнова А.Е

Сынып жетекшілер



4

«Өмірімнің бастауы- мамандығым» атты тренинг

Мақсаты: Мектеп түлектеріне кәсіптік бағыт- бағдар беру және ҰБТ-ға қатысушы оқушы бойына сенім ұялату



11сынып

19.10.2015

Кусайнова А.Е

Сынып жетекші



5

«Мен қарым -қатынаста қандаймын» атты тест алу

«Жасөспірім және келіспеушілік»атты пікірталас

Мақсаты: Құқық бұзушылықтың алдын алу




9сыныптар

20.10.2015ж

Кусайнова А.Е


6

«Өз қиялыңа қол жеткіз»атты ойбөліс


10 сынып

21.10.2015

Кусайнова А.Е

Исаева Ж.Т



7

«Менің бақытты отбасым»атты ата-аналармен ойбөліс

Мақсаты:Жас ата-аналарға психологиялық көмек көрсету



Даярлық сынып және 1сынып ата-аналары

23 .10.2015

Кусайнова А.Е

9

«Жаным толған жақсылық»атты бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін тәрбие сағаты

Мақсаты:Мейірімділікке тәрбиелеу



4-5 сынып

17.10.2015

Кусайнова А.Е

Сынып жетекшілер



11

«Қайырымдылық жасау- ізгі қасиет»атты қайырымдылық кеш

(«Мектепке жол »акциясының есебі)

Мақсаты: Қамқоршы ата –аналар мен демеушілік көрсеткен ұйымдарға ризашылық білдіру

Онкүндіктің жабылу салтанаты,есеп беру



1-11

23.10.2015

Кусайнова А.Е

Исаева Ж.Т



Әлеуметтік ұстаз: Кусайнова А.Е

1Бестөбе орта мектебінде



2014-2015 оқу жылының 15-25.10 аралығында өткен

әлеуметтік ұстаз онкүндігінің есебі
2015 жылы 15 қазан және 25 қазан аралығында жоспар бойынша мектепте әлеуметтік ұстаздың онкүндігі өткізілді.

Өткізілген онкүндіктің жалпы мақсаты - бәсекеге қабілетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, тілін, дінін құрметтейтін, елінің нағыз патриоты бола алатын тұлғалар қалыптастыру, оқушылардың бойындағы білімге деген құштарлықты, еңбекке деген сүйіспеншілікте дамыту,салауатты өмір салтын насихаттау, жас ата -аналарға психологиялық көмек көрсету, ҰБТ тапсырушылардың өздеріне деген сенімдерін арттыру т.б

Жоспарға сәйкес онкүндіктің алғашқы күнінде бастауыш сынып оқушыларымен «Өмір сен маған қымбатсың» деген тақырыпта сабақ өтті . Бұл шараның мақсаты : бастауыш сынып оқушыларын жолда жүру ережелерімен таныстыру болып табылды. Ертеңгілікте оқушылар

ҚР ІІ полициясының ұйымдастыруымен түсірілген «Жолдос көмекке асығады» атты бейне көрініс көрсетіліп, оқушылар осы көрініс бойынша сұрақтарға жауап берді. Өздері білетін жол ереже белгілері туралы мағлұматтар айтып, сонымен қатар жұмбақтар шешті, өлеңдер оқылды. Жол ережелері белгілері бойынша сұрақтарға жауап берді. Өрт қауіпсіздігі туралы да қысқаша слайд көрсетіліп тілсіз жаудан сақтана білу керектігі ескертілді. Өзен, көл , тоған жанындағы судағы қауіпсіздік ережелері айтылды. Сабақ соңында қорытынды жасалды.

Сонымен қатар алғашқы күні 8-9 сынып оқушыларымен «Жемқорлық –індет, оны жою-міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Қазіргі кездегі қоғамда етек алып келе жатқан коррупция туралы фактілер айтылып, оны жою жолдары қарастырылды.Сабақ барысында видео-сюжеттер көрсетіліп, талқыланды. Сонымен қатар оқушылар сабақ барысында шағын көрініс ұйымдастырды.

Жоспарға сәйкес 6- сынып оқушыларымен «Таңда жастай жолдың дұрысын» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл іс шарада оқушылар зиянды заттардың (есірткі, темекі ,алкоголь) адам ағзасына тигізетін зияны туралы ой талқыланды. Оқушылар өздері слайд дайындап әкеліп, оны қорғады.

Ал бастауыш сыныптарда «Мейірімді жүрек», «Жүрек жылуы» «Жаным толған жақсылық» сияқты сынып сағаттары мен «Жүрек жылуы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында ойындар ойналды. Тренинг мақсаты:оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баулу, мейірбандылыққа тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым -қатынастарын дамыту болып табылды. Сыныптағы достық қарым-қатынастарын нығайту көзделді. Тренинг соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тренингтен алған әсерлерін ортаға салды. Ал жоғарғы сыныптарда «Мен қарым-қатынаста қандаймын?» деген сауалнама алынды. Сонымен қатар «Жасөспірім және келіспеушілік» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыды. Бұл пікірталаста күнделікті өмірде кездесетін кикілжіңдер, қақтығыстар талқыға салынып, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары жүргізілді.

Онкүндікке арналған стенд жасалып, стендте ата-аналарға кеңестер, оқушларға салауатты өмір салтын насихаттау жолдары, дұрыс тамақтану қағидалары ілінді. Өмірдің қадір-қасиеті туралы ғибратты сөздер айтылып, өмірді дұрыс бағалай білуге бағдар берілді.

Ал ата-аналармен «Менің бақытты отбасым» атты ойбөліс өткізілді. Басқосу барысында түрлі жағдаяттар талқыланып, отбасында татулықты сақтап қалу жолдары түрлі ойындар арқылы көрсетілді.

Ал мектептің 11 сынып оқушыларымен «Өмірімнің бастауы-мамандығым» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Бұл іс шараның мақсаты болашаққа қадам басар түлектерге бала шақтан болашаққа аттанарда нені ескеру, дұрыс мамандық таңдау жолдары айтылды. Өздерінің таңдаған мамандықтары туралы басқалармен ой бөлісті. Тренинг барысында«Сынаққа сеніммен барайық» атты психологиялық тренинг өткізіліп, «Болашаққа қадам» атты кәсіптік бағыт -бағдар берілді. Ұсыныстар мен кеңестер берілді. Оқушылар бір серпіліп қалды.

Онкүндік соңында қамқоршылық айлығы мен «Мектепке жол» акциясының қорытындысы ретінде «Қайырымдылық жасау-ізгі қасиет » атты қайырымдылық кеші өткізілді . Қамқоршыларға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдірілді. Ал қамқоршылар «Мектепке жол»акциясы аясында көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Шағын концерт қойылды.

Онкүндік бойынша жоспарланған шаралар мерзімді уақытында өтіліп, оқушыларға да ,ата-аналарға да, ұстаздар қауымына да септігін тигізді деп ойлаймын.

Есеп беруші: №1 Бестөбе орта мектебінің

әлеуметтік педагогы Кусайнова А.Е



Өтілген іс шаралардан көрініс






Каталог: 52D16B608EEF678D
52D16B608EEF678D -> Оқу жылы «Мектеп кітапханасы – кітап оқу аймағы»
52D16B608EEF678D -> Сабақ барысы : Жаттығу: Пікірталасқа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады. Ой шабуылы: Алкоголь дегеніміз не?
52D16B608EEF678D -> Мақсаты: : ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сынып жетекшісінің құзыреттілік шеберлігін арттыру арқылы мектеп тәрбие жұмыс жүйесінің даму әдістерін жетілдіру. Міндеттері
52D16B608EEF678D -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндік барысында өткізген іс-шаралары. 2014-2015 оқу жылы. Тақырыбы : «Білім негізі бастауышта»
52D16B608EEF678D -> Сабақ тақырыбы мерзімі сыныбы Жауапты мұғалім 1 Онкүндіктің ашылуы 19. 11
52D16B608EEF678D -> Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында 21-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылған тарих пәні онкүндігі жоспары
52D16B608EEF678D -> Работы школьной библиотеки
52D16B608EEF678D -> Бестөбе кенті №1,№2 орта мектептерінің 25-мамыр күні «Рауан» мәдениет үйі алаңында өткізілетін соңғы қоңырау сценарийі
52D16B608EEF678D -> Мектепішілік шара «Озаттар слеті – 2017 жыл»
52D16B608EEF678D -> Бекітемін №1 Бестөбе мектебінің директоры: К. Т. Магзумова мектеп кiтапханасының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу