3. Іріңдеген тері ауруларының алдын алу үшін ол теріні жақсы күту керек. Іріңдеген аурулар жарақатталған теріге немесе май және тер бездеріне патогенді микробтардың келіп түсуінен болады. Ол дегеніміз жеке гигиенаны сақтау, таза киіну (спорт киімдеріде), спорттық саймандардың да таза болғаны жөн.
Тексеру сұрақтары: Спорттық орта себептері дегеніміз не? Сыртқы шу қайдан пайда болады? Ішкі шулардан қалай құтылуға болады? Егер болса, оның қандай амалдары бар? Децибел дегенімі не? Ол нені көрсетеді? Шулардан адам ағзасының қай жерлері зардап шегеді? Тері қотырларынан қалай арылуға болады? Оларды қалай емдеу керек? Тазалықтың бұнда атқаратын қызметі қандай?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 6. Тақырыптың аты: Денсаулықты бұзатын – зиянды әдеттер
Мақсаты: Сауықтыру өмір салтының денсаулықты бұзатын зиянды әдеттерден: темекі тарту, алкоголь ішімдңктеріне салыну және есірткіге әуестенуден жастардың мүлдем бас тартуын үгіттеу және насихаттау.
Тірек сөздер: Сауықтыру, зиянды әдеттер, темекі (шылым) шегу, арақ пен шарап ішімдіктеріне салыну, есірткілерді спортта пайдалану, этиль спирті.
Негізгі сұрақтар:
Темекі тарту
Алькогольді ішімдіктер
Есірткілер
Қысқаша мазмұны: 1. Темекі тарту, алкоголь ішімдіктер мен есірткілерді пайдалану бұл денсаулықты бұзатын (кейбір мүшелерге тікелей әсер етуі) зиянды әдеттер. Олар адамның жұмыс қабілеттілігіне, еңбек пен шығармашылық қызметтеріне теріс әсерін тигізіп қауіпті ауруларға әкеліп соғады да, әлеуметтік талан – таражға сүріндіреді. Зиянды әдеттер спорттық кестеге мүлдем қайшы келетін, спорттық «формасын» жоғалтатын жағдайға әкеледі.
Темекі тарту – зиянды және қауіпті әдет, оның дамуы шартты рефлекс негіздері бойынша дамиды.
Темекі тарту кезінде темекі түтінімен бірге қырықтан астам адам ағзасына зиянды заттар енеді: никотин, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, шайыр (смола) заттары. Никотин күшті у; адамды өлтіру үшін 50 мг жеткілікті. Бір сигаретаны шеккенде адам ағзасына 1 мг никотин енеді екен.
Жүйелі темекі шегу орталық нерв жүйесіне, яғни бүкіл ағзаға әсері бар деген сөз. Олардың бастары жиі ауырады, басы айналады, құсқысы келеді, ұйқы кетеді, ой жұмысы мен жалпы жұмыс қабілеттілік төмендейді. Темекі тартатындарда жүрек қан тамырлар ауруларымен қатар тыныс алу жолдары да зардап шегеді.
2.Алкогольді ішімдіктер денсаулықты бұзып қана қоймай сонымен бірге жалпы жұмыс қабілеттілікті төмендетеді. Алкогольді (этиль және шарап спирті) алу үшін бидай мен көкөністерден немесе синтетикалық жолдармен алады. Дұрыс тазартылмаған спирттің құрамында улы қоспалар болады. Этиль спирті белгілі бір тазартудан өткенде оны ректификациядан өткесін оны таза немесе ректификат.
Этиль спирті есірткі заттарына жатады. Ол жасушалардың тіршілік деңгейін төмендетіп ферментативтік және тотықсыздандыру үрдістерін бұзады. Алкоголь сонымен бірге нерв талшықтары бойымен импульстердің өтуін тежейді, зат алмасу үрдісі бұзылады.
Қанда алкоголь ұзақ болмайды, бірақ маңызды мүшелерде (мида, бауырда, жүректе, қарында) жиналып кідіреді (15 күннен 28 күнге дейін).
3. Есірткіні тек бір рет пайдаланғанның өзінде ағзаға әсері өте зор болады да наркомания ауруына шалдықтырады. Есірткілерге жататын: опиум және оның туындылары (морфий, героин, деонин, кодеин ж.б.); кокаин; үнді сорасы (конопля)(гашиш, шира, анаша ж.б.); кейбір ұйықтататын дәрілер (веронал, люминал, барбамил ж.б.). Есірткілік заттар кейбірде медицинада қолданылады, себебі ауруларды уақытша басады, тыныштандырады, ал кейбірде қоздырады да. Ондай дәрі-дәрмектерді қолдануға тек қана дәрігер бере алады.
Ағзаға енгеннен кейін сірткі ағзада эйфория (қозу) жағдайын туғызады. Сонымен бірге сана сезімде «естен тану», шындықты қабылдау әсері бұзылады, қозғалыс координациясы мен ойлау қасиеті жоғалады.
Тексеру сұрақтары: Зиянды әдеттерге нелер жатады? Денсаулықты ауруға шалдықтыратын зиянды әдеттерге не жатады? Темекінің зияны неде? Зияндылығына қарамай көп адамдар неге темекі шегеді? Темекінің құрамында қандай зиянды заттар бар? Адамды өлімге әкелу үшін никотиннің қанша мг жеткілікті? Алкогольді ішімдіктердің зияны неде? Тазартылған спиртті қалайдеп атайды? Зияндылығына қарамай адамдар неге қолдан улы ішімдіктер жасайды? Алкогольдің нерв жүйесіне әсері қандай? Әсіресе қандай мүшелер алкогольдан зардап шегеді? Адамдар неге есірткіге әуес? Оның зияндылығы неде? Адамдар қандай есірткі заттарды пайдаланады?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 7. Тақырыптың аты: Шыңдалудың гигиеналық негіздері
Мақсаты: сауықтыру мен шыңдалудың денсаулыққа қаншама пайдалы екенін түсіндіру. Олардың ой және жалпы жұмыс қабілеттілігіне тигізетін әсері (өзін жақсы сезіну, сергектік, көңіл-күйдің жоғарлылығы) туралы толық мәлімет беру.
Тірек сөздер: Шыңдалу, гигиеналық шаралар, ағзаның тұрақтылығын жоғарлату, метеорологиялық себептер, салқын, жылы, күн радиациясы, шыңдалу негіздері, жүйелілік пен бірте-бірте шыңдалу, шыңдалудың әр түрлілігі мен амалдары, ауамен шыңдалу, ауа ванналары, сумен шыңдалу, су құю мен ысқылау, душ қабылдау, ашық суларда қыста суға түсу, қармен ысқылау.
Негізгі сұрақтар:
Шыңдалудың гигиеналық негіздері
Ауамен шыңдалу
Сумен шыңдалу
Қысқаша мазмұны: 1. Шыңдалу бұл гигиеналық шаралардың жүйелі түрі, адам ағзасының сыртқы қоршаған ортаға оның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұру амалдарының бірі. Әсіресе метеорологиялық себептерге (салқындыққа, ыстыққа, күн радиациясына, төменгі атмосфералық қысымға) қарсы тұру. Жүйелі түрде өткізілген шыңдалудан адамдар көптеген аурулардан аулақ жүруге, өмірін ұзартуға және көп жылдарға жұмыс қабілеттілікті сақтауға тікелей әсері бар.
Шыңдалу дене тәрбиесінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Адамдарды жоғары өнімді еңбекке және Отан қорғауға тиімді амалдардың бірегейі.
Шыңдалу бүкіл ағзаны жаттықтырудың өзіндік түрі, термореттеу аппаратының әртүрлі метеорологиялық әсерлерге дайындау. Арнайы тітіркендіргіштер арқылы және де нерв арқылы реттеу кезінде ағзада белгілі қызметтік жүйелер құралады, олар бейімделу әсерін қамтамасыз етеді.
Сонымен шыңдалу кезінде ағза өзінің температурасын сақтауға мүмкіншілік алады және басқа да физиологиялық қызметтердің көрсеткіштері метеорологиялық себептерге тұрақтылық сақтайды. Оны шыңдалудың арнайы эффектісі деп атайды.
Арнайы емес шыңдалу ағзаға сауықтыру әсерінің ең маңыздысы болып айқындалады. Шыңдалу процедуралары (жосығы) дене және ой жұмыстарын жоғарлатуға, денсаулықты нығайтуға, аурушаңдықты төмендетуге бағытталған.
Шыңдалу негіздері: жүйелілікті, бірте-біртелілікті және ақырындықты, бір ізділікті; жеке адамның ерекшеліктерін есептеу; амалдар мен түрлердің әр түрлілігі, белсенді күнделікті кесте, жалпы және жергілікті жосықтарды үйлестіру, өзін-өзі бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |