Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет27/38
Дата20.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63321
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
3. Дәрігерлік – биологиялық қайта қалпына келу амалдарына үлкен орын гигиеналық жолдарға беріледі (тиімді күнделікті кесте, жеке гигиена, құнды және теңдестірілген тамақтану, шыңдалу, қолайлы үй тұрмысы жағдайлары және спортшылардың жаттығулары ж.б.).

Нервті – психологиялық қайта қалпына келу мынандай амалдармен іске асады: гидропроцедуралар (жосығы) (жылы душ, жылы ванна, тұзды ванналар), булы монша, массаж (қолмен, вибратормен), иондалған ауа, оттегі, С дәрумендері және дәрумендердің В тобы.

Жүрек қан тамырлар, тыныс алу жүйелерін және биохимиялық зат алмасу келесі амалдардың көмегімен атқарылады: гидротерапия (жылы ванна мен душ, контрастылы ванналар), массаж ж.б.

Гидропроцедуралар

Монша мен жылы камералар

Жасанды ультракүлгін сәулелері

Иондалған ауа

Оттегі мен тыныс алу қоспалары

Ландшафты аймақтар (зоналар)

Тексеру сұрақтары: Спортшыларды даярлауда гигиеналық жүйелер мен қкамтамасыз етуді қалай түсінесіз? Оның қандай элементтері бар? Жаттығу үрдісі мен жарыс кездерінде гигиеналық негіздерге нелер жатады? Маусымдық, апталық және тәуліктік жұмыс қабілеттіліктердің өзгеруіне нелер себепші болады? Олардың арасында қандай ерекшеліктер бар? Қолайлы әлеуметтік-гигиеналық факторлар дегеніміз не? Қосымша гигиеналық амалдарға тағы да нелер жатады? Гидропроцедуралар деген не? Олардың қандай түрлері бар? Моншаның пайдасы неде? Ультракүлгін сәулелермен қалай жұмыс істеу керек?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

13. Тақырыптың аты: Спортшыларды даярлауда гигиеналық жүйемен қамтамасыз ету

Мақсаты: Оқу – жаттығу жиындарында даярлау үшін келесі шараларды орындап қажет гигиеналық жағдайлар мен қамтамасыз етуді үйрету. Спортшыларды жоғары және төмен температура жағдайында даярлау үшін гигиеналық қамтамасыз етуді студенттерді таныстыру.

Тірек сөздер: Оқу – жаттығу жиындары, жиындарды өткізу орындары, күн кестесімен танысу, тұрмыс жағдайлары, киімс мен аяқ киімнің сай келуі, тамақ рационы, жарыстарға дайындау, жоғары температурада спортшыларды даярлау, ыстықтан талу, салқыннан үсіп кету.

Негізгі сұрақтар:


  • Микроорта, тұрмыс жағдайы және еңбек етудің қолайлы әлеуметтік – гигиеналық себептері

  • Спортшылардың жоғары температура жағдайында дайындалуын гигиеналық жағынан қамтамасыз ету

  • Спортшылардың төменгі температура жағдайында дайындалуын гигиеналық жағынан қамтамасыз ету

Қысқаша мазмұны: 1.Жиындарды өткізу орындарын сол кезеңнің дайындығына байланысты негізгі мақсатты есептей отырып, шешкен жөн. Сонымен бірге жиын өткізу уақытын, спортшылардың санын, спорт нысандарының сипатына қарай өткізу керек. Әсіресе ауа райы мен климаттық жағдайларға көңіл аудару керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет