3.Сандарды оқытудың есептік әдісі
Есептеу әдісі басқаша «іс-әрекетті зерттеу әдісі» деп аталады, бұл балаларды тек қана есептеуге емес, сонымен қоса бұл іс-әрекеттің мағынасын түсінуге үйретеді. Балаларды үлкен сандарды санауға, сандарды білуге, содан кейін арифметикалық іс-әрекетті және есептеу түрлерін зерттеуге алып келді. Атап айтқанда, оқыту тәжірибелік іс-әрекеттен санауды үйрену және санды түсіну, содан кейін натуралды сандар қатары түсінігін меңгеру және ондық санау жүйесінің құрылымын түсіну. Оқыту және түсіндіру ондық санау жүйесі бойынша жүрді. (Алдымен бірінші ондық арасында, кейін аналогия бойынша – 20 дейін)
Бұл әдісті 19ғ. Соңында П.С.Гурьев Ресейде, А.Дистервег Германияда ұсынды. («Арифметиканы мектеп жасына дейінгі балаларға оқыу бағдарламасы»).
Олардың жолын қуушылар Ресейде: А.И.Гольденберг, С.И.Шахор-Троицкий, Ф.И. Егоров.
Қазіргі заманда сандармен таныстыру әдістемесінде зерттеу әдісінің жақсы жақтары қолданылады: санды санау нәтижесі ретінде, екі құрамның негізін салыстырудағы санның құрылуы және олардың арасындағы біркелкі ұқсастықтың болуы, олардың бңр санға көбеюі немесе азаюы, қосу мен азайту әрекетін меңгеру, В.А. Кемниц «Балабақшадағы математика»,1912ж) математикалық материалдарды әңгіме, ойын, жаттығулар формасындағы әдістер мен құрамдарды ұсынды.Кітапта қазіргі заманның бағдарламаларының барлық бөлімдері бар. Л.К.Шлегер («жеті жасар балалармен жұмыс ерекшеліктері»,1925 ж) балаларға дайын білімді бермей, қоршаған ортадан өз бетімен білім алу, қабілетін дамытуды ұсынды. Тәрбиешілер балалардың өмірін ұйымдастыру керек, өз тәжірибесін кеңейтуге құштарлығын ашу қажет, бар білімдерін кеңейту, сонымен қоса оқыту балалардың күнделікті өмірдегі ойын барысында іске асыру керек деп ойлайды. Ол арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен бағдарламаны пайдалануға қарсы болды.
Ф. Н. Блехер алғаш КСРО бағдарламасын және мектеп жасына дейінгі математика бойынша тәрбиешілерге әдістемелік құрал жасады (« Балабақша және мектепке даярлық топтарындағы математика»,1934). Ол балалар онның көлеміндегі сандарды санаусыз жатқа білулері керек деп ойлады.
Достарыңызбен бөлісу: |