«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет19/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Жеке дара әдіс принципі
Жеке дара принципінің бастамасы деп баланың жеке басын коллективте және коллективтің жәрдемімен тәрбиелеуді айтады.Кейбір балалардың жеке басына коллективтің жасайтын пайдасы жөнінде А.С. Макаренко былай деген: «Жеке баламен дара жұмыс істеу үшін ,оны біліп және өсіру керек. Егерде жеке балалар менің түсінігімде , жекелеген бұршақтар сияқты,коллективтік масштабсыз,егер мен оларға коллективтікөлшем тұрғысына емес өзгеше ыңғай жасайтын болсам,оларға шамам жетпейді.
Алайда, бір оп баламен жұмыс істегенде тәрбиеші әр баланы жан-жақты зертеп білуі тиіс: оның ықыласы мен есі қалай дамығанын, көрнекі және сөзбен айтылған материалды қабылдау шапшаңдығын, баланың қызығушылық және ойлау сипатын,практикалық іс-әрекетінде қаншлықты өздігінен шешім қабылдайтынын және өздігінен ойлай білетіндігін, баланың білім сапасын және жалпы даму ережесін, сондай-ақ математикалық түсініктер мен сөйлеу дәрежесін, оның қиялдау,ізденушілік,эмоциялық-еріктік көріністері ерекшелктерін, әлеуметтік бағыттылық ерекшеліктерін т.б.
Баланың ата-анасымен жаңа туыстарымен әңгіме өткізу, тұриыс жағдайына ,балалар бақшасында болып жататын алуан түрлі іс-әркеттерінде және үй жағдайында бақылай отырып,оның мінез-құлқының басты бағыттарын айқындауға болады.
Бала коллективке үйреніп, одан өзінің тиісті орнын алу және оған дұрыс педагогикалық әдіс табу үшін тәрбиеші жоғарыда айтылғанның барлығын білуі тиіс: жасқаншақ баланы өз күшіне, өз мүмкіндіне сендіру үшін оны мақтау керек немесе керісінше ,тім менменсіп кетушіліктен сақтандыру керек, ұялшақ балаларды жігерлендіріп жолын тауып мадақтап отыру керек, ал шамадан тыс көтерілетін балаларды тежеп отыру т.б.
Жас балалар мен жұмыс істегенде тәрбиеші олардың әсерленгіштігін, сезімшілдігін,шапшаң қозатындығын, қимылшыл, тез шаршайтындығын ерекше ескеріп, осымен сәйкестендіріп методикалық әдістер мен дидактикалық құралдарды өзгертіп отыруы тиіс.
Дұрыс жеке-дара әдіс қолдану үшін тәрбиешінің психология мәдениеті, балаларды бақылай білуі, әрқайсысының мінез-құлқын терең түсініп, тапсырманы орындағанда неліктен қателескенін білуі және де өз пікірі мен бағасын сыннан өткізіп отыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет