Мектеп жасына дейінгі балалардың музыка тыңдау іс әрекеті



Pdf көрінісі
Дата23.10.2019
өлшемі496,37 Kb.
#50531
Байланысты:
Жаркынай


Мектеп жасына дейінгі 

балалардың музыка тыңдау іс - 

әрекеті

                                              Орындаған: Амангелді Жарқынай

                                              Тексерген: Кульманова Шолпан


Жоспары:

I.

Кіріспе

II.

Негізгі бөлім

                    1.

  Муыка тыңдау – музыкалық əрекеттерінің бір түрі

                      2. Музыканы тыңдауға  арналған   бағдарлама талаптары                  

                      3. Музыка тыңдау  репертуары 

                      4. Музыка тыңдау дағдыларын  үйрету əдістемесі



III.

Қорытынды

IV.

Пайдаланылған əдебиеттер

      Кұнделікті өмірде музыка адам қасында жүріп, оның қоршаған ортасына 

көзқарасын айқындайды, рухын байытады, еңбек етуіне дем алуына көмектеседі. 

Композитор Б. В. Асафьевтің айтуына қарағанда музыка — «шындықтың бейнелі-

дыбыстық көрінісі». Одан жанды сөз — толғанысқа толы немесе байсалды əңгіме, 

үзілмелі немесе бір қалыпты баяндау, сұраулар, жауаптар, кəтеріңкі дауыстар, 

үндеулер естіледі.

        Музыкалық бейнені  сипаттауда музыкада көркемдік құралдардың поэтикалық 

сөзбен (əнде), сюжетпен (бағдарламалық пьесада), іс-əрекетпен (рольге бəлінген 

ойын мен биде) ұштастырылуының маңызы аз емес. Музыкалық бейне 

тыңдаушысына барынша нақты, түсінікті мағлұмат береді.

          


            «

Музыкалық  тіл»  деген  сөзде  көркемдік    кұралдардың  бүкіл 

кұрамынын  түсінігі  бар:  ойды,  сезімді,  яғни  шығарманың  мазмұнын; 

ырғақтық  байлықтың,  дыбыстың  үйлесімді  шығуына,  тембрлік 

мəнерінің  шығарманың  қарқындық,      өзгешеліктері  мен  құрылымына 

сипаттама бере білу.

          Музыканың  əсер  етушілік  күші  адамның  жеке  басына,  оның 

қабылдау,  даярлық  дəрежесіне  байланысты  болады.  Музыканы 

қабылдауды  əн  айтуға,  аспапта  ойнауға  белсеңділік  танытатын  əрекет 

сияқты  дамыту  керек.  Бірақ  бұл  күрделі  жұмыс.  Өйткені  ол  нəзік  əрі 

терең  ішкі  əсерленушілікпен  байланысты  болады.  Оларды  табу  қиын, 

бақылау жасау да жеңіл емес, əсіресе қалыптастыру қиын.


          Ең  алдымен  бала  музыканың  не  туралы  «айтып  түрғанын»  түсіну  қажет. 

Музыкалық  дыбыстардың  тек  үйлесім  табуы,  əсемдігі,  олардың  дыбыс  шығарудағы 

үйлесімдігі ғана қабылданбайды. 

    


Музыкалық қабылдау — ішкі терең сезім күйлерімен лық толған, күрделі, сезімтал, 

поэтикалық процесс.    

       Онда музыкалық дыбыстардың сенсорлық сезімі жəне дыбыс үндестігінің сұлулығы, 

мұның  алдындағы  тəжірибе  мен  қазіргі  кезде  өтіп  жатқан  жанды  ассоциациялар, 

музыкалық  бейнелер  дамуының  соңынан  еру  жəне  оларға  берілетін  айқын  жауаптық 

əрекеттер араласып жатады.



     Балалар əнді жаттау барысында оны бірнеше рет тындайды. Əнді дұрыс орындаудың 

қажеттігі оларды дауыс ырғағын, жалпы дыбыс шығаруды ықыласпен тыңдап алуға мəжбүр 

етеді. 

     .


:

Шығарманың алуан түрлі сипаты мен түрін (басталуы, бөлімі, 

тізбек- тер),

 

музыкалық мəнерлілік құралдарды (есіңкілік жəне қарқындық 



белгілер, регистрлық өзгерістер, метрлік ырғақтық ерекшеліктер)

       


    Осы аталған ерекшеліктерді ажырата білу арқылы балалар бір мезгілде музыканы жəне 

оның өзіндік.  «тілін» қабылдай отырып қимыл жасайды



    

«

Музыканы тыңдау» бөлімі бойынша мектепке дейінгілерді тəрбиелеу 

бағдарламасының алдына нақты міндеттер қойылған

:

   -балаларды қабылдауына жеңіл, осы заманғы классикалық, халықтық 



музыканың көркем үлгілерімен таныстыру;

   


   -балалардың музыкалық қабылдаушылығын, музыкада берілген сезімге 

əсерлене отырып, жауап беру қабілетін дамыту

;

музыка  жайында



 

бастапқы  мағлұматтар  беру,  музыкалық  шығармаларды 

есте  сақтай  білуге,  олардың  мазмұнын,  сипатын,  көркемдік    құралдарын 

ажырата білуге жеткізу, баға бере білу көзқарасын қалыптастыру.



   Мектепке  дейінгі  жаста  музыка  мəдениетінің  қарапайым  негізін  қалаумен 

бірге  балалардың    жас  ерекшеліктері  мүмкіндіктерінің  өте  шектеулі  екенін 

ескеру кажет.

       Балдырғандар өмірінің бірінші, екінші жылында жалпы көңіл күйді, 

музыка сипатын ажырата біледі, сондықтан оның эмоциялық мазмұнын 

қабылдай алады.       

  Балалар  бақшасының  сəби  топтарында  балалар  зейіндерінің  тұрақсыз 

болуына  қарамастан  өзінің  бейнесі  жағынан  айкын,  шағын  шығармаларды, 

əсіресе  əндерді  жақсы  қабылдайды.  Əн  салушы  даусының  мəнерлі  ырғағы, 

əншінің  мимикасы  оларды  өзіне  баурап  алады.  Бұл  жасқа  сезімнің  сыртқа 

шыққан  көрінісі  тəн    -  секіру,  қол  соғу  кезінде  көрінетін  таңдану,  шаттану 

қимылдары.  Алайда  музыка  арқылы  келетін  сезім  оңай  пайда  болып,  оңай 

жоғалады.


    

Төрт-бес жастағы балаларда кейбір эмоциялық тұрақтылық болады, олар кейде 

секірме би əуендеріне тез еліктеп, қызулы жəне көңілді түрде жауап қайтара біледі. 

Жеңіл қимыл сипатында келетін шығармалар оларда байсалдылық жағдай туғызады. 

Шығарманың мазмұнын білуге деген ынта пайда болады, музыканың не туралы айтып 

тұрғанын білуге құмартуға байланысты сұраулар туындайды. Музыкалық естің 

жекелеген көрінісі, əнді немесе пьесаны тыңдау соңында одан алған əсерлері туралы 

айтуға ынта білдірушілік байқала бастайды.

               Бес—жеті  жастағы  балаларда  дамыған  ес,  бір  нəрсеге  ойды  шоғырландыру, 

музыканы  барынша  тұтас  қалпында  ұғып  алу  қабілеті  жеткілікті  болады.  Олардың 

музыкалық  əуесқойлығы,  қызығуы  сапалы  түрде  жəне  жақсы  көретін  шығармаларын 

бірнеше  рет  тыңдау  қажеттігінен  байқалады.  Сондай-ақ  белгілі  бақылағыштығы  да 

көрінеді.  Балалар  музыканың  жалпы  күйін  сезінуге  жəне  көркем  бейненің  дамуын 

қадағалауға бейім келеді.  Балалар шынайы өмірдің жекелеген құбылыстарын музыкадан 

қабылдап алған əсерлерімен салыстыра алады.Мысалы,  Б.Меңжанованың «Болайықшы 

осындай» деген əнде айтылатын өнерлі, талапты балаларға ұқсауға ойларын білдіреді

.  


Музыка тыңдау  үш негізгі элементті қамтиды

    -музыкалық шығармалармен таныстыру, оларды сүйе, есте сақтай 

білуге, музыкалық əсерлерді жинақтай білуге тəрбиелеу

     -  



музыканы тыңдау мəдениетінің дағдыларына тəрбиелеу

музыка туралы алғашқы мəліметтер, есту əсерлерін жинақтау процесінде 

музыкалық талғамға тəрбиелеу

.


      Қабылдау  мəдениетінің  дағдылары  балалардың  түсінігіне  сай  келетін 

музыкаларды бірнеше рет тыңдау жолымен қалыптасады:

             -      1-2  жастағы  балаларда      музыкалық  дыбыстарға  көңіл  қоюшылығы 

дамиды; 


       -  3-4 жаста балаларды əнді не пьесаны басқа ештеңеге алаңдамай аяғына 

дейін тыңдап шығуға үйретеді;  

              -    ересек  балалар  тобындағы  балаларда  бұл  дағдылар  толыға  түседі, 

тұрақты  есту  ықпалы  қалыптасады.  Бұл  жағдай  баланың  музыканың  ықпал 

етушілік  күшін  бастан  кешіріп,  музыканы  сапалы  түрде  түсіне  алатынын 

білдіреді.  Одан  ересегірек  жаста  бала  осы  дағдыларының  арқасында 

музыканың белсенді тыңдаушысы болады.


        Мектепке дейінгі жаста музыкалық талғамның элементтері есту дағдылары 

жəне эмоциялық əсерлері негізінде пайда болуы мүмкін.

              Балалар  бақшасында  болуының  соңында  бала  шығарманы  тұтас,  оның 

жекелеген  бөлімдерін,  қайырмасын,  аяқталуын  білетін  болады.  Өзіне  таныс 

музыкалық  шығармалар  қоры  арқылы  ол  олардың  түрлерін,  əрқайсысына  тəн 

ерекшеліктерін  (марш,  секірме  би,  бесік  жыры)  ажырата  алады.  Оның  бойында 

əннің,  пьесаның  мазмұны,  олардың  түрі  (кіріспесі,  аяқталуы,  басталуы, 

қайырмасы,  бөлімі),  барынша  айқын  көркемділік    құралдар  туралы  алғашқы 

ұғымдар қалыптасады.

             Сондай-ақ  балалар  музыканы  жасаушылар:  композиторлар  туралы,  халық 

шығармашылығы    туралы  алғашқы  мағлұматтар  алады,  түрлі  музыкалық 

аспаптардың (рояль, баян, домбыра) ерекшеліктерімен танысады.



         Тыңдауға  арналған  репертуардың  маңызды  ерекшеліктері  мектепке  дейінгілердің  жас 

ерекшеліктерінің тəрбиелік  жəне тақырыптық бағыттылығы, жанрының алуан түрлі болуы.

       Болашақ азаматты, Қазақстанға, өз Отанына балаларда патриоттық сезім тəрбиелеу  

халық  əндерінен,    композиторларының      Отан  туралы,  Женіс  күні  туралы,  əкелер  мен 

аналардың  еңбек  жеңістері  туралы,  барлық  елдер  балаларының  достығы  туралы 

шығармаларын саналы түрде қабылдау жолымен бала бақшадан  басталады.

          Көркемдік жəне тыңдауға арналған балалар музыкалық шығармаларының ерекшелік 

қасиеттері.  Белгілі  бір  ізділікпен  іріктеліп  алынған  репертуар  айналадағыларға 



эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу міндеттеріне жауап береді. Сондықтан əр түрлі жас 

топтарындағы  балаларды  қандай  музыкамен  таныстыру  керектігінің,  мұндай  жағдайда 



қандай  сезімдердің  тəрбиеленетіндігінің  езіндік  мəні  бар.  Музыкалық  бейнелерді  

күрделендіру, оларды мəнерлендіру құралдарының түрленуінің ерекше мəні бар. 



          Тыңдауға  арналған  репертуар  əсерлігі  əр  түрлі,  жалпы  эмоциялылығы  сергек  те  шат  шығармаларды 

қамтиды.  Үйрену  үрдісінде  балалар  əсерлерге  молығады,  олардың  ой-өрісі  жасы  ескен  сайын  кеңейе  түседі. 

Тіпті лирикалық бір жанрдың көлемінде балалар тобындағы мектепке дейінгі жастағылар  Б.Қыдырбекованың 

көңілді  болып  келетін  «Қуыршақтың  жаңа  көйлегі»,  К.Шілдебаевтың  жарқын  да  жайлы  «Вальс»  сияқты 

пьесасымен танысады.

             Балдырғандардың  алғашқы  музыкалық  əсерлерінің  бағалы  бастауы  —  халық  əуендері,  жақын,  туыстас 

дауыс ырғақтары. Біздің елімізде   балаларға арналған халық əндерінің, билерінің жинақтары жоқ есебінде.   

       Бірақ оған қарамастан бұрыңғы кезде шыққан ноталар репертуарлар ішінен музыканы тыңдауға арналған 

репертуарға балаларға жақын бейнелерді жеңіл мəнерлі əндерді кіргізу қажет.   Мысалы, сүйкімді, назды, бесік 

жыры  сипатындағы  қазақтың  халық  əндері  «Бесік  жыры»,  «Бала  уату»  əні      немесе  ең  кішкентайларға 

арналған жеңіл қимылды, ойындық өлеңдер — «Бес саусақ».      

         Сондай-ақ  əдеби  тексті,  бала  психологиясына  жақын,  бастапқыда  табиғатқа,  жан-жануарлар  мен  құстар 

бейнелерін ашатын, одан əрі балалардың түсінігіне жеңіл оқиғалар туралы баяндайтын əндер пайдаланылады.  

Мысалы:  Е.  Өтетілеуов    пен  Л.Дымованың  «Жаңғырық»,  »    К.Қуатбаев  пен  Ж.  Смақовтың    «Көбелек, 

қазақтың халық əні «Жұмбақ саусақ», Ə. Бүшікова мен Н. Айтовтың    «Құрбақаның қиялы».  


Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық дамыту 

үшін, негізінен музыканың екі түрі пайдаланылады

      

Аспаптық

         



Вокалдық

əндегі музыкалық кіріспе, 

сүйемелдеу жəне қорытынды 

баланы балалар бақшасының 

ересек балалар топтарында жиі 

қолданылатын аспаптық 

пьесаларды қабылдай білуге 

жақындатады

.

Бөбектік жастағылар үшін 



дыбыс шығарудың 

вокальдық түрі кебірек 

түсінікті.


     Музыка тыңдау төрт кезеңге  бөлінеді:

       1. Кіріспе сөз (музыка жетекшінің жаңа  шығарма туралы мəлімет, 

əңгіме);

       2. Шығарманы (əнді) көркемді орындау;

       3. Тыңдалған шығарма туралы əңгіме;

       4. Қайталап тыңдау жəне əңгімелесу (талдау, салыстыру).

             Баланың  музыканы  қабылдау  қабілетін  жетілдірудің  күрделі  процесі 

шығармаларды  көркем  орындауды,  педагогтың  сөзін  жəне  көрнекі 

құралдарды пайдалануды қажет етеді


Жұмыс формалары

Концерттер

Сабақ

Дербес даму іс - 

əрекеті

Пайдалынылған əдебиеттер:

1.

Балалар бақшасында музыкалық тəрбие беру методикасы. Оқулық. Ред.басқарған 



Н

2.

Ветлугина Алматы: Мектеп, 1981



3.

Гогоберидзе  А.Г.  Теория  и  методика  музыкального  воспитания  детей 

дошкольного  возраста:  Учеб.  пособие  для  студ.  Высш.учеб.  заведений.  –  М.: 

Академия, 2005.

4.

Рубровская  Е.А.  Ступеньки  музыкального  развития:  Пособие  для  муз. 



руководителей и воспитателей дошк.образоват. учреждений. – М.: Просвещение, 

2003. – с: нот.



5.

Зимина  А.Н.  Основы  музыкального  воспитания  и  развития  детей  младшего 



возраста. – М.: ВЛАДОС, 2000. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет