Ойын: “Жүк тасушы”
Жасы: 2,5-4 жас аралығы
Қажетті заттар: ойыншық жүк көлігі, ұзын бау не жіп, қарындаш, кубиктер
Ойын барысы: жүк көлігіне кубиктерден мұнара жасау арқылы толтырып жүк тиейміз де, көлікке жіп бекітеміз. Жіптің келесі ұшына қарындаш бекітіледі. Бала жіпті қарындашқа орау арқылы, жүкті құлатпай иесіне жеткізуі керек. Бірнеше баламен сайыс өткізуге де болады. Жүкті құлатпай, алғашқы жеткізген жүргізуші жеңімпаз атанады.
Ойын: “Шаш өру”
Жасы: 2,5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: түрлі түсті ұзын баулар, не тоқыма жіптен арнайы шаш жасалған қыздың суреті.
Ойын барысы: Тоқыма жіптен жасалған шашпен не баулармен балаға шаш өру ұсынылады. Өріп болған соң арнайы баулармен бекітуге болады.
Ойын: “Құм себу”
Жасы: 3-5 жас аралығы
Қажетті заттар: арнайы құрғақ құм не манна ұнтағы, ұсақ моншақтар, кішене шелек немесе шыны ыдыс
Ойын барысы: қолымызға құмды толтырып алып, кейіннен оны аз аздан үзбей төгеміз. Бірнеше рет жаттыққан соң арнайы ыдысқа салып қараймыз. Асфальт не тегіс тақтайға осы әдіс арқылы сурет салуға болады.
Әбден жаттыққан соң жаттығуды күрделендіреміз. Енді құмның орнына моншақтар аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |