Қажетті заттар: қорап, тесіктері бар ұсақ ойыншықтар, ұзын таяқша
Ойын барысы: үстел үстіне ұсақ ойыншықтар таяқпен іліп алуға ыңғайлы етіп орналастырылады. Таяқ арқылы балаға “балық аулау” ұсынылады. Ауланған балықтарды екінші қолдың көмегінсіз қорапқа салуы керек. Балалар көп болса “жақсы балықшы” жарысын ұйымдастыруға болады.
Ойын: “Тоқыма” Жасы: 2,5-4,5 жас аралығы
Қажетті заттар: екі түсті қатырма қағаз, қайшы, скотч
Ойын барысы: қатырма қағазға төртбұрышты салып алып, пішіннің ішін бірдей көлемде ұзынынан қиып шығамыз. Енді екінші түсті қағаздан жолақтар қиып алып, оларды бағытына қарай ұштарын скотчпен алғашқы қатырма қағазға бекітеміз. Балаға тоқыма тоқуды ұсынамыз.