«Үш торай қасқырға қарсы. Цифрды үйренеміз» (өндіруші «Жаңа диск, Ресей) ойыны мектеп жасына дейінгі балаларды мысалдар шығаруға үйретеді, «плюс», «минус», «тең» таңбаларымен танысады, өте көңілді және қызықты түрде олардың көмегімен қандай әрекеттерді орындауға болатынын біледі. Үш торай туралы ертегіні барлығы, тіпті ең кіші балаларға дейін біледі. Ал бұл ойында олар, егерде қасқыр мейірімді, ал торайлар зиянды болса, онда не болатынын біледі. Қасқырға көмектесе отырып, торайларға шама жетеді, цифрлармен танысады және қосу мен азайтуды үйренеді.
Компьютерлік математикалық бағдарламалар сан жиынының заттық мазмұнынан да, оның элементтерінің кеңістік орналасуынан да тәуелді болмайтыны, ой қабілетін (топтастыруды, сериацияны) дамытуға бағдарланғаны, шамалар ұғымын, геометриялық фигуралар атауын бекіту, 10 шегінде тура санай білу мен санды цифрмен байланыстыра білу, көру жадын жаттықтыру, кеңістік қиялдау, реакция жылдамдығы, қозғалыстар үйлесімі және т.б. туралы балалардың түсінігін бекітуге көмектеседі.
Үйретуші ойындардағы сөйлеуді дамыту
Ойындардың басқа бөлігі сөздік қорды толықтыруға және сөйлеуді дамытуға бағыттаған.
Швед бірлестігі Lara Mera & Allemansdata дайындаған «А-дан Я-ға дейін» бағдарламасы 4 жастан жоғары балалар үшін барлығына әліпби әріптерін үйрететін және балаға оқу мен жазудың дайындық оқытуын, сондай-ақ қозғалыстар үйлесімін ұсынатын үйретуші бағдарлама болып саналады. Бағдарлама көру, есту машықтарын дамытады, жад пен жазу үшін қажетті басқа біліктерді және сөздік қорды кеңейтуді жаттықтырады. Әрбір әріп үшін ішінара компьютермен істейтін жұмыстан, жекелей басып шығаруға болатын парақтардан тұратын, іс-әрекеттің он бір түрінен жинақ бар. Баспа жаттығуларын жазу формасындағы оқытудың негізі ретінде сурет салулармен сәйкес келтіруге болады.
«Әріптер еліндегі жақсы әліппе (өндіруші – 1С, Ресей) интерактивтік DVD – бүлдіршіндерді орыс әліп-биінің әріптерін жеңіл ойындық формада тануға, оқу мен жазуға үйрететін, бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар үшін арнайы дайындалынған үйретуші бағдарлама. Әліп-биді балалар бақшасында және үйде оқу үшін пайдалануға жарайды. Дискінің мазмұны «Әліп-биді ойлап тапқан Әліп пен Би туралы ертегі» балаларды Әріптердің сиқырлы елімен, орыс әліппесінің әріптерімен және оларды сақтаушылармен, Әліп және Би сиқырлы адамсымақтармен таныстыратын бояулы мультфилмнің 7 сериясын қамтиды. Одан басқа дискіде әріптерді тез есте сақтау және баспа әріптермен жазуды үйрену үшін арнайы бедерленген мәтіндері бар орыс тілінің әрбір әрпінің жазылуын безендіретін 33 үйретуші мультфильм; сөздік қорды кеңейту үшін әріптері бар танымдық ойындар, сондай-ақ өзіндік сабақтар үшін жаттығулар бар. Алынған білімдерді бекіту үшін балалардың ата-аналармен бірге орындайтын сабақтары үшін арнайы тексеру тапсырмалары бар.
YDP бірлестігі дайындаған «Сөзде ойнаймыз» қосымша бағдарламасы негізінен тілді меңгерудің лексикалық, грамматикалық экспрессивтік және прагматикалық аспектілерін дамытуға бағдарланған. Онда балаларға қоршаған ортаны қабылдау мен түсінуді, сондай-ақ өзінің ойлары мен бақылауларын жеке және әлеуметтік деңгейде сипаттап жазуды жеңілдететін интерактивтік сценарилер бар. Бұл бағдарлама тілді меңгеру кезінде пайдалы құрал бола алады; ол сондай-ақ келешекте лингвистикалық сипаттағы мәселелердің пайда болуынан қашуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Сөзде ойнаймыз» баланың әлеуметтік және тілдік машықтарын, ойлау машығын, сондай-ақ кеңістік, есіту және фонологиялық қабылдауларының дамуына мүмкіндік туғызады.
Қосымша бағдарламаның бүлдіршіндер үшін мәтінді қосу мен ажырату мүмкіндігі бар айқын аудионұсқауы бар болады.
Осы қосымша бағдарламаның тапсырмаларының ішінде: «Тыңда. Мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді жалғастыр»; «Әшекейдегі қарсы мәндес сөздерді жалғастыр; «Тыңдаңыздар. Басқатырғыштағы қарама-қарсы сөздерді жалғастырыңдар» және б. бар (1-сурет).
|
|
1-сурет. «Сөзде ойнаймыз» YDP қосымша бағдарламасынан үзінді: «Доминода ойнаңдар.Қарама-қарсы сөздерді табыңыңдар. Қарама-қарсы сөздерді қатар орналастыра отырып, суреттерді экранның оң жағына орын ауыстырыңдар
(суреттерді бұруға да болады».
|
Достарыңызбен бөлісу: |