ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
Дамытушы бағдарламалар – бұл «ашық» типтегі ойындық бағдарламалар, олар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуына мүмкіндік туғызады және балаларды өзіндік шығармашылық ойындарға оятады, қиялды және елестетуді дамытады. Оларда берілген айқын мақсат жоқ – олар шығармашылық үшін, баланың өзін-өзі көрсетуі үшін аспаптар болып саналады. Шығармашылық қабілеттерінің – музыкалық, көркемдік және т.б. – дамуы болады.
Көркемдік тәрбие
http://www.coloring4all.com/dot_to_dot.htm сайты нөмірленген нүктелердің немесе бояулардың көмегімен баланы қарапайым және күрделі суреттерді салу мен әдемілеп бояуды үйретуге, сондай-ақ кеңістік ойлау мен түстік қабылауды дамытуға арналған.
7-сурет. «Тасбақаны боя» ойыны
Балалар басқатырғышы бар, нүктелерді (нүктені нүктеге) тізбекті жалғастыруы бар тегін онлайн-бояулар балаларға маңызды машықтарды дамытуға көмектеседі. Мұндай бояуларда ондаған түрлі түсті безендірулер, оның ішінде барлық балаларға сүйікті мультфилм жұлдыздары, жануарлар, гүлдер және көптеген басқалар бар. Балалардың көпшілігі мүндай тартымды іс-әрекетке кіріспесе тұра алмайды.
Музыкалық тәрбие
Көптеген цифрлық білімдік ресурстарды музыкалық тәрбиеге де пайдалануға болады.
Оған YDP бірлестігі дайындаған «Сөйлейтін суреттер» ойындарының кейбір тапсырмалары жатады. Мысалы, балаларға өздерінің өзіндік меншікті саздарын құрастыруды ұсынатын «Композитор бол. Нотаны дыбыс қатарына апар. Алынған сазды тыңдау үшін баста батырмасын бас»» өте шығармашылық тапсырма. Бала жоғарғы дыбыс қатарында ноталарды басқан кезде, олар дыбыс шығарады – бала дыбысты және дыбыс қатарындағы ноталардың көріну орналасуын еске сақтайды. Әрбір нотаны қанша қажет болса сонша орын ауыстыра алады (8-сурет), ал алынған сазды тыңдауға болады. Осы ойынның басқа тапсырмасында фортопианода «ойнауды» ұсынады. Бала виртуальдық пернелерді баса және сазды жаза алады (8-сурет, а).
Сондай-ақ оркестрдегі әрбір аспаптың шығаратын дыбысымен танысу мүмкіндігін береді. Аспаптар тобының кескінін басқан кезде аспаптың атауы және оның шығаратын дыбысы пайда болады (8-сурет, ә).
а)
|
ә)
|
8-сурет. YDP «Сөйлейтін суреттер» ойынынан үзінді
|
Шығармашылық қабілеттерін қолдану балаға алғашқы жағдаяттың шегінен шығуға және оны түрлендіру процесінде жаңа өнім жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |