Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық Қимыл-қОЗҒалыс ойындарының ерекшелігі



бет8/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#34217
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Лого-Ырғақ» — музыканы түсіну мен дайындаудың шығармашылық процесіне балаларды тартуға мүмкіндік беретін мүзыка көмегімен балаларға ойнауға және оқып білуге мүмкіндік беретін бірлестіктің басқа өзіндік ерекше өнімі. «Лого – Ырғақ» сөйлеу машықтарының дамуы мен терапиясы және сөйлеудің дамуының тежелуіне жол бермеу үшін музықалық терапияның элементтерін пайдаланады.

Бағдарлама есту-моторолық үйлесімін және дыбысқа сезімталдықты, сондай-ақ сөйлеу жылдамдығымен жұмыс істеуді дамытуға көмектеседі. Ол сондай-ақ моторлық, естушілік және музықалық-сөйлеу машықтарын ынталандыру есебінен баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етумен байланысты бірқатар қосымша қызметтерді орындай алады және бастапқы музыкалық білім алу үшін қосалқы материалдармен қызмет етеді.

Өнімнің беделіне баланың жеке тәжірибесінің негізінде оқытуды, практиканы және білімдер мен машықтарды бекіту үшін тыңғылықты дайындалынған және өзіндік ерекше жаттығуларды жатқызуға болады.

Мәселен, «Лого-Ырғақ» - «Auditorz activities, diversification of rate» (Әр түрлі деңгейдегі есту жаттығулары) қосымша бағдарламалар бөлімінің мынадай тапсырмалары бар: «Оң жағында, сол жағындағыдай, шапалақтайтын қол бейнеленген. Бірдей жазуларды табыңыздар да жұптастырыңыздар» (9-сурет).



«Лого-Ырғақ» бағдарламасы сондай-ақ өзіне балаға өзіндік сазды іріктеу мен дайындауға, ойын процесінде нотаның гаммасы мен ұзақтығы сияқты ұғымдармен танысуға мүмкіндік беретін виртуальдық пернені енгізеді (9-сурет). Метроном екпінді есептейді – баяу, орташа, тез.





9-сурет. YDP «Лого-ырғақ» ойынынан үзінді

Дыбысқа сезімталдықты үйрету сондай-ақ ойындық формада да болады. Балаларға дыбыстарды мұқият тыңдаңыздар ұсынылады: «Егерде сіз жоғары дыбысты естісеңіз, онда «жоғары» тілшікті басыңыз, егерде сіз төменгі дыбысты естісеңіз, онда «төмен» тілшікті басыңыз. Дұрыс жауаптар кезінде кейіпкер бір біріне кездесуге қарай қозғалады (10-сурет).








10-сурет. «Лого-Ырғақ» бағдарламасының үзіндісі




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет