Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы



бет13/23
Дата08.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#157039
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды тілдерін дамытуда ауыз дебиеті (2)

Сан фокустары
Бір досыңызға «үш таңбалы сан жаз» деп, бір парақ қағаз бен қалам беріңіз. Екінші досыңызға әлгі жазылған санға сол санның өзін тіркеп жазуын өтініңіз. Үшінші досыңызға әлгі екеуінің жазған сандарынан пайда болған алты таңбалы санды 7-ге бөлдіріңіз. Одан кейінгі досыңызға 7-ге бөлінген бөліндіні енді 11-ге бөлдіріңіз. Одан кейін пайда болған бөліндіні қағазға алғаш сан жазған досыңызға 13-ке бөлдіріңіз (осы айтылған есеп-қисапты барлығын сіздің көрмеуіңіз керек). Бөлу аяқталды дегенде, сіз одан «сенің әуелгі жазған саның шықты ма» деп сұраңыз. Досыңыздың алғаш жазған саны шықпай қала ма деп уайымдамаңыз. Міндетті түрде оның алғаш жазған саны пайда болады. Бұл фокустың бар құпиясы мына теңдікте 1001 = 7 • 11 • 13. 1001 санын «Шаһризада саны» деуге болады. 1001 саны 7-ге, 11-ге жэне 13-ке қалдықсыз бөлінеді. Үш таңбалы санға сол санның өзі тіркеліп жазылғанда, бастапқы санды 1001-ге көбейткендегідей сан пайда болады. Мысалы, 289 289 = 289 • 1001. Осы алты таңбалы санды алғашында 7-ге, одан соң 11 -ге, ең соңында 13-ке бөлгенде элгі санды 1001-ге бөлгендегідей 289-ға тең қалдық пайда болады, бұл сан — досыңыздың алғаш рет жазған саны. Енді түсінікті болған шығар.
Математикалық фокус
Досыңыз сізге көрсетпей бір қолына 1 теңгелік шақаны екінші қолына 2 теңгелік шақаны жасырсын. Сіз оның қай қолында 2 теңгелік, қай қолында 1 теңгелік шақаның жасырылғанын оп-оңай айтып бере аласыз. Ол үшін сіз оған «оң қолыңдағы шақаның санын үш еселе, ал сол қолыңдағы шақаның цифрын екі еселе де, олардың қосындысын маған айт» дейсіз. Егер досыңның айтқан қосындысы жұп сан болса, онда оң қолында 2 теңгелік, ал сол қолында 1 теңгелік шақа жасырылған. Мұның құпиясы неде, түсіндіре аласың ба?
Шешуі. Тақ цифрлы теңге (яғни, 1 теңгелік шақа) оң қолға, ал жұп цифрлы теңге (яғни, 2 теңгелік шақа) сол қолға жасырылған болсын деп жориық. Сонда үш еселенген тақ сан (яғни, 1 тиын) тақ сан болып қалады, ал екі еселенген жұп сан (яғни, 2 теңге) жұп сан болып қалады. Тақ сан мен тщп санның қосындысы әрқашан тақ сан болады. Тақ санды тақ санға көбейткенде тақ сан пайда болады. Міне, осы жайт бар құпияны ашады. Фокустың сипатын өзгерту үшін үш есе жэне екі есе деген тақ сан мен жұп санның орнына кез келген так сан мен жұп санды айта беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет