«Кім жылдам» ойыны.
Әрқайсысына затын табуға көмектес.
100:20=(60+40):20
81:9=24:4+12:4
48:8=(16+32):8
(25+39):8=64:8
Ертегімен таныстыру.
Ертеде «Мақал» мен «Жұмбақ» деген ағайынды екі жігіт өмір сүріпті.Олардың «Жаңылтпаш» деген қарындасы болған екен.Бірде әкелері балаларын шақырып алып,өсиет айтады.
Әкесі:-Балаларым,сендердің «Тіл-әдебиет» шаһарындағы еңбектеріңді білемін.Бірақ «Жігітке жеті өнер де аз»дегендей,енді сендердің «Математика»еліндегі қажеттіліктерінді білгім келеді.Осы өсиетімді орындасаңдар,ақ батамды беремін.
Бұлардың қарындастары өте ерке болатын.Олда ағаларымен бірге барғысы келетінін айтып,қиғылық салды.Ағалар жолдың ауырлығын ескеріп,ерткісі келмейді.
«Жаңылтпашты»әзер көндірген жігіттер жолда оның да аманатын орындауға уәде береді.Жаңылтпаш ертегілер елінде санға қатысты жаңылтпаш ала келулерін тапсырады.
«Математика» еліне саяхат
(50-15):5=7 (9+9):6=
(32+48):80= (52+11):9=
(19+17):4= (42+24):11=
Өрнектердің мәні қандай сандар? (Бірлік сандар)
«Бірліктер»қалашығы.Бұл қалашықтың тұрғындары кімдер екеін білеміз бе? Бірліктер тұрады.Бірлік,ондық,жүздік.Олай болса,осы тұрғындардың тапсырмасын орындайық.
І-деңгей Мақалды толықтыр.
І-топ:Жігітке......өнер де аз.
........өнер көп емес.
......ала болса,,ауыздағы кетеді.
......түгел болса,төбедегі келеді.
ІІ-топ.Шешуін тап:
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы,жаман ортасы. (3)
ІІІ-топ:
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген,
Орындықпен төңкерген. (4)
«Мыңдықтар»елі
Бұл елде кімдер мекендейді?
(бірлік мыңдықтар,ондық мыңдықтар,жүздік мыңдықтар)
Мыңдықтар елінің тапсырмасы:
ІІ-деңгей.
1.Қай сан лайық?
.....атасын білген ер,...... жұрттың қамын жер.
2.Шешуін тап:
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы. (5)
3.Осы сандардан 3 таңбалы сандар құрап,разрядттық қосылғыштарға жіктеу: 345,453,354.
345=300+40+5; 453=400+50+3;
354=300+50+3;
Достарыңызбен бөлісу: |